Страна: Казахстан
Айзат Ракышева-молодая казахская писательница, хорошо известный журналист, учительница казахского языка и литературы.Она родилась в 1983 году 23-го сентября в Республике Казахстан. В 2002 году она поступила в университет казахской филологий в городе Усть-Каменогорск. В 2006 году она закончила университет. В 2007 году Айзат начала писать. Свой первйы повесть она посвятила детям. Этот повесть называется «Белая мечта не обманет.» После этого она начала написать и для взрослых читателей. В результате писательница в 2015 году написала свою первую книгу «Мертвые возвращаются».Шерияздан Елеукенов, великий казахский критик, написал положительную критику-статью об этой книге. Айзат непрерывно опубликовала свои произведения в республиканских и международных газет-журналах. В марте 2018 году Айзат написала всою вторую книгу. Сборник называетя «Тюльпан над льдом». В книгу вошел два рассказы посвещенные детям: «Последнее осень детства» и «Тюльпан над льдом». Сейчас писательница работает над своей третьей книггой.
Country: Kazakhstan
Aizat Rakysheva is a young Kazakh writer and well-known journalist, teacher of the Kazakh language and literature. She was born on September 23, 1983 in the Republic of Kazakhstan. In 2002 she entered the Kazakh Philology faculty of the University of Ust-Kamenogorsk. In 2006 she graduated from the university. In 2007 she began to write. From that year begins to write in the genre of prose. She writes her first Story for children. This story is called «White dream is not deceived». After that the writer starts writing for adult readers. As a result, she wrote a book called «The deads return» in 2015. Sheeriazdan Eleukenov, a great kazakh critic,wrote a critical article about this book. The Aizat writer regularly published her works in national and international periodicals. In 2018 Mart writer wrote her second book. The prose collection was named «Tulips over the ice». The book contains two stories for children: «Last autumn childhood» and the «Tulips over the ice.»Now writer is getting ready for the third book.
Қара түннің құпиясы
(хикаяттан үзінді)
Шырылдаған үн бебеу қағып толастамады. «Өмір» деп аталатын жарық дүниеге «әлдеқалай» келгеніне шамырқанды ма,әлде қара тастай зіл тағдырын тұла бойы түршіге сезінді ме, қызыл шақа нәресте тынбай зарлады. Ащы үні ашына шығып, әлдекімде кегі кеткендей жұдырығын түйе шірене іңгәлады. Терезенің сыртынан түнерген қара түнді тіліп өткісі келгендей айғайға басты. Жақынынан медет күткендей, ара-тұра ыңырсыған үн береді. Анасы сәбиіне көз қырын да салмады. Өзін босандырып алған дәрігер Жұпаргүлге айтқаны оны састырып тастады.
-Мына азан-қазан дауыстан миым айналып барады. Алып кетші оны.
-Қазір ана мен бала ажыратылмайды. Бір палатада болады.-Жұпаргүл жас келіншектің перзентханадағы жаңа тәртіптен мүлде бейхабарлығына таң қалды. Ғаламтор дамыған қазіргідей заманда титтей бір жаңалықты жасырып ұстау мүмкін емес қой. Оның үстіне жас аналар өздерін қызықтыратын перзентханадағы барлық жайттарға құлағы түрулі келетін еді. Ал «Жедел жәрдеммен» жеткізілген мына келіншек бір түрлі тосын. Құртақандай сәбиін иіскеп, бауырына басудың орнына «алып кет» деп долданады.
-Ажыратпайды деймісің? Ажыратқанда қандай?-Жұпаргүл сандырақ халде жэатса да, қасіретінен үздік-создық сыр берген келіншектің қасынан кете алар емес. Бірақ бұлайша тағат тауып әңгімелесуге мұрша қайдан болсын. Жұпаргүл өзге де міндеттерін атқаруға шығып кетті. Әйтсе де жас ананың өксік үні құлағынан кетпеді.
Күздің қара суығы күшіне енген ызғарлы түн орталанғанда барып, Жұпаргүл келіншектің палатасына қайта келді. Кіре сала байқағаны-ол баласын мүлде қозғамаған. Өмірінің алғашқы сәтінен бастап батпан қасіретті еншілеп алған бейбақ шақалақ қарны ашып, ыңылдай берді. Келіншекте қимыл жоқ. Құдды бір тас мүсінді жығып, төсекке сұлата салғандай.
-Ояусың ба? Су берейін, шөліңді бас.
-Су емес, у берші. Құтылайын мына азап дүниеден.-Келіншектің бұ тірліктен баз кеше сөйлеген сөздері дәрігерге тым қатты естілді.
-Мен тірі жанға тек жәрдемдесумен келемін. Күйеуім екеуміз де дәрігерміз.
-Қандай жақсы, күйеуің бар. Балаң да бақытты болар. Ал мен…-Келіншек қыстығып, бүкіл денесі қалш-қалш етіп жылай бастады.
-Ана болсам, баламды бақытты етер едім-ау. Әттең…-Жұпаргүл көкірегін кере күрсінді.-Құдай-ау, сендей жас қызға сонша запыран құстырған қандай қатыгез ол? Туғандарыңа хабарласайын. Келсін, жаныңда болсын.
-Анам өмірден озған. Әкем екінші рет үйленді. Содан бері салқын тартып кетті. Әрі менің мына жағдайымды естіп,тіпті жек көріп кеткендей.
-Туған әкесі баласынан безіне ме? Уақыт өте келе бойы үйренер. Әрі сүйкімді жиенін көргенде жібіп сала берер.
-Жоқ, менің шақырар жанашырым жоқ. Әкем бала көрсе жіби салатын мейірімді емес. Ол «намыс» деп кеуделеніп қалған.
-Аты-жөніңді дұрыс жаздырдың ба? Орынгүл Ізбасарқызы деп едің.
-Мен ешкімді алдап, сұрқиялық жасамадым. Керісінше өзім алданып, бір әзәзілдің тұзағына түстім. Оның әр сөзіне сеніп, ұшпа махаббатқа мас болып жүргенімде, ол мені өзі айтқандай «табиғи қажеттілік» үшін пайдаланып келіпті. Оның әйелі, екі бірдей баалсы бар екен. Кеш білдім.-Орынгүл өзінің кеш білген шындығын көзінен жасы сырғанай айтып аһ ұрды.
-Әй, аңғал сіңлім-ау, саған жәрдемдескім келіп-ақ тұр. Бірақ қалай көмектесерімді де білмеймін.-Жұпаргүлдің сөзін қалта телефонының шылдыры үзіп жіберді.
-Жұпаргүл Әзілбайқызы, шұғыл жеткізілген ана бар. Тездетіп қабылдау бөліміне жетіңіз.
-Орынгүл, мен жұмыс арасында келемін. Оған дейін сен сабаңа түсіп, ас-суыңды іш. Толғағың да ауыр болды. Жақсылап демал.-Келіншек үндемеді. Әлденеге бекінгендей сұлқ жата берді.
Жұпаргүл қабылдау бөліміне жылдам жетіп барды. Толғақ қысқан әйелдің жанында бірнеше жақыны жүр. Орынгүлдің шырқырай жалғыз жеткен аянышты күйі көз алдынан жылжып өте берді. Жан қиналғанда қасыңнан жақының табылғаны да үлкен демеу ғой.Бұл келіншекті де Жұпаргүл қиындыққа тап қылмай босандырып алды. Өмірге іғгәлап қыз бала келді. Нәзік үнімен анасын шат қылды. Жұпаргүл әйелдің туыстарына қуанышты хабарды жеткізгенше асықты. Он жылдай осы аудандық перзентханада дәрігер болып жүрген Жұпаргүл қаншама нәрестенің өмірге сәтті келуіне септігін тигізді. Қаншама әкенің қуанышты жүздерін көріп, өзі де солармен бірге қуанды. Өзі ие бола алмай жүрген ана бақытын өзгелердің дидарынан байқап, тек қызығумен келеді. «Сүйінші» деп жайраң қаққан бұған талай жерде ақша ала жүгіргендер болып еді, әлі де бар ондай ақ көңілділер. Қуанса қолындағы барын ұстата салатын қазақ емеспіз бе? Жұпаргүл сүйіншісіне берілген ақшаны да, «ерекше қара» деп еске салуға тырысып ұсынылатын параны да алып көрген емес. Күйеуі Дархан екеуіінң ата-ана болар бақытты сәтін күтумен, сол ғажайып күнге таза жету жолында жүрген еді.
-Құттықтаймын. Сіз баланың әкесі боларсыз.
-Иә, әкесімін. Тезірек айтыңызшы. Дәрігері «ұл туады» деп еді. Ұлым жақсы ма?-Қатқан қайыстай қара жігіт аптығып сөйлеп, тіпті құлақ аса қояр түрі жоқ.
-Кешіріңіз. Жұбайыңыз қыз босанды.
-Мүмкін емес. Учаскелік дәрігері тексеру кезінде ұл деген.-Қап-қара жігіттің бет-жүзіндегі манағы қуаныш лебі лезде сейіліп, ала көзі шатынай қалды.
-Әйеліңіздің жағдайы жақсы. Бала да бір қалыпты. Одан басқа қандай қуаныш болсын?-Жұпаргүл қыз баланы бейнебір керексіз заттай көріп, зікір салуға дайын тұрған жігітағасына ашық жақтырмай қарады.
-Төрт қыз туды. Бесіншісі ұл болады деп сеніп ем. Мына өмірден ұл көрмей, ұлдың әкесі болмай өтем бе?-Кәдімгідей жоқтау сарынымен созақтаған еркекті бірге келген үлкен әйел жұбата бастады.
-Не ексең, соны орасың,-деді де Жұпаргүл кезекшілік орнына оралды. Бітпейтін қағаздарды толтырып, әріптесімен бірге бірталай отырды. Екеуара сөздері жұмыс жайында ғана. Тәжірибесіз әріптесіне қағаздардың ретін түсінідріп отырса да, Жұпаргүлдің ойынан бүгінгі екі жағдай кетпей қойды. Екеуі де дүниеге бала келгеніне назалы, бәзбіреулердің жазбай-ақ жаттатқан заңымен жазалы.Бұрын қазақ қыз туса, «өрісім кеңитін боды» деп қуанбайтын ба еді? Ал қазіргілердің қайсыбірі әйеліне «қыз тапсаң ажырасамын» деп қоқиланады. Ал әкесіз туған сәби… Дегенмен «жетімін жылатпаған қазақпыз» дегенде кереметпіз, бірақ сол жетімдерді тастанды атандыруға, тағдыр тезіне салуға шімірікпейміз. Сонда бұрынғы қазақтан қазіргі қазақтың кем түскені-ау! Әй, қойшы, мынадай ауыр ойлармен отырып, уақыт өтпес. Одан да палаталарды бір көріп қайтсын. Жұпаргүл орнынан ақырын көтеріліп, коридорды бойлап келе жатты. Кенет өзі де байқамастан Орынгүлдің палатасының есігіне келіп тұрғанын бір-ақ көрді. Бұл не? Жас қызға жаны ашығаны ма? Жоқ әлде «жетімін жылатпайтын қазақтың» қайырымдылығы ма? Өз ойына өзі малтыққан Жұпаргүл палатаға кірді. Бәрі тыныштықта ұйықтап жатыр. Сәбилер алаңсыз пысылдаған кезде Жұпаргүл демін ішінен алатын. Ол үшін тым қасиетті тыныштық осы бір бейкүнә нәрестелердің ұйқыдағы шағы болатын.
-Дәрігер, жақындаңызшы.-Орынгүл басын жұлып алып, тұншыға сыбырлады.
-Не айтайын деп едің? Бір керегің бар ма?-Жұпаргүл әйелді тыныштандырмақ болып, жанына жетіп барды.
-Сіздің маған көмектескіңіз келеді ғой. Солай ма?-Сыр суыртпақтамай, оқыстан тура қойылған сұрақтың астарынан Жұпаргүл әлдебір жағдайды шамалап тұр.
-Иә, қолымнан келсе, жақсылығымды аямас едім. Мына еш жазығы жоқ баланы аяймын.
-Шынымен көмектескіңіз келсе, онда мына баланы асырап алыңыз. Менің тым болмаса көңілім тыныш жүрсін.-Баласын емес, әлдебір затын бөгде біреуге ұстата салатын жомарттай келіншек жайыла үн қатты.
-Не сандырақ бұл?Балаңды бөтен біреуге бөктеріп жіберсең, көңілің қалай тыныш болады? Бала өзінің анасының бауырында өсуі кеерк. Тоғыз ай бойы құрсағыңда көтергенде, оған бір рет те есміренбедің бе? Осыншама жауыз болармысың?-Дәрігер тосын ұсыныстан есінен танардай болып, түрегелуге ыңғайланды.
-Менде қалса, аштан өледі. Жұмысым жоқ. Әкем жүктілігімді білгенде ат құйрығын кескен.
-Баланың әкесіне хабарлас. Шекесі торсықтай, дені сау ұлын көрсе, мүмкін мейірімі оянар.-Жұпаргүл баланың тағдыры тігілген саудадан қалай да қашқысы келді.
-Жоқ, ол-барып тұрған тас жүрек. Жүктілігімді білгенде,«енді қайтейін, әкеңнің үйіне барып ту» деген. Одан енді үміттенбеймін. Көмектесіңіз. Балам тым болмаса трі қалсын. Менің оған берер барым осы. Аман қалсыншы. Өтінем сізден. Дені сау ғой.
-Иә, дені сау. Бірақ тегі кім?-Жұпаргүл шым-шытырық ойдың шырмауында қалды.
-Жетімдер үйінде оны жақсы күндер күтпейтінін білем. Ал сіз-әйелсіз, дәрігерсіз, анасыз. Ойланыңызшы. -Өлердегі сөзін айтқан, өмірдің азын көрп, көп азабын тартып үлгерген, содан да барлығынан көңілі қайтқан бойжеткеннің баласы үшін жасаған дәрменсіз әрекеті Жұпаргүлді ойландырып тастады.
Ол еш құпия жасырмайтын ақ жарқын мінезіне басып, күйеуіне қоңырау шалды. Дархан да ұзақ жөн сұрап қыстамады. Жұпаргүлге тез-ақ жетіп келді. Дархан келгенде, Жұпаргүл Орынгүлдің ұлын құшақтап отыр еді. Оның бұл бекем отырған түрін көріп, Дархан алған бетінен қайтпайтынын іші сезді. Құпияны бүркемелеуге шебер түн баласында Жұпаргүл ұлын кеудесіне басып,құшырлана иіскеді. Осы иісті қанша жылдан бері күтіп, зарығып келген әйел екі иіні солқылдап,үнсіз жылап отырды.
-Дархан, мен саған қайтсең де баланы қабылда демеймін. Бірақ мен осы баланың анасы болуға шешім қабылдадым. Алла алдында мен бүгін ана болдым.-Әйелінің нық сөзінен ешқашан айнымайтынын білетін Дархан келісті. Әрі сәби сүюге шөліркеп жүрген мезеті-қырықтың қырқасы еді. Өз анасы «тумайтын келіннен құтыл» дегенде, жүрегінің қалауымен қосылған жарын қиып кете алмаған болатын. Бүгін сайқымазақ тағдыры тағы да алдына таңдау тастапты: не бала асырап алу, не болмаса Жұпаргүлден ажырасып, жаңа бақыт іздеу. Бірақ осы «жаңа бақыт іздеу» ұғымы Дархан үшін миға қонымсыз көрінетін. Ол өз бақытын тек сүйікті әйелінен ғана көретін.
-Жұпарым, ажырасу туралы сөз қозғама деп өтініп едім ғой. Бұл баланы Алла бізге сый етіп тұрған болар. Қабыл алайық. Қалғанын заң жолымен реттейміз ғой.-Дархан қыздай қосылған қосағына төніп келіп, оның жасты көзін сүртті.Осы сәт Дарханның көз жанары да жасқа толып тұр еді. Ай сәулесінен ада, түпсіз шыңыраудай тас қараңғы түн бұл үшеуара құпияны жуып-шайғысы келгендей нөсерлете жөнелді. Толассыз төгілген нөсер адамдардың күнәсінің айғағынан із қалдырғысы келмегендей өршелене құйды. Ертеңгі атар таң олардың тап-таза періште күйлерін қайтарып бере қояр ма? Бұның бәрінен бейхабар нәресте әлде нұрлы, әлде ойлы-қырлы өмірін бастап кетті.
Ана жүрек неге аһ ұрды?
-Анаңның батасын алмастан, тіпті ақылдаспай-ақ бала асырап алдым деймісің? Сен өзіңнің қандай сорға тап келгенііңді тіпті салмақтай да алмайсың. Сені ана бедеу қатын құртты, өміріңді күл-талқан етті. Сен енді тек құрдымға кете бересің. Құдай-ау, енді қайттім, ұлым көз алдымда тозаққа кетіп барады. О, Аллам, жар бола көр өзің өресіз ұлыма! –Шешесінің байбаламын Дархан үзіп жіберді.
-Апа, сіз қуанар деп үміттеніп едім. Оным бекер екен.Тым құрыса қуанған рай танытсаң қайтер еді?
-Ойбай-ау, мен аза тұтып отырсам, қалай көлгірсіп қуанамын?…