Об авторе:
Здравствуйте!Меня зовут Индира Сагатовна.Я учитель казахского языка и литературы очень люблю свою профессию.В свободное время мне нравится прогулка на природе и анализ.Я с 20лет веду саморефлексию «Что могу»,»Что смогла», «Что хочу»,»Что получила»,»Благодарю»
Обожаю Спорт и вкусно поесть.
About the author:
Отрывок из нон-фикшн “Табысты арман”
Ел арасында қазіргі таңда ұлттық идеология мен ұлттық танымымыз мемлекеттік дәрежемізге жетті.Ұлттық таным Егемендігіміздің нәтижесінде және саясатқа бетбұрысымыз өзгерді. Негізінде ұлттық танымды сақтайтын,ұлттық мәселені қалыптастыратын үш қасиеттілік.Олар туған жер,ана,тәрбие.Осы үшеуі сабақтас болса,ұлттық танымымыз ғасырларға созылады және сақталады.
Елбасымыздың жолдауында Бүгінгі өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге және жазуға мүмкіндік берді.
Менің туып өскен жерімнің Ұлы Дала атауы бар,мен Жамбыл облысы Меркі ауданы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан кішкентай Жауғаш батыр ауылында дүниеге келдім. Бұл жер қалың қамыс пен қоғаның орны болған. Жылдар өтіп,кейінірек ел көшіп-қонып жүргенде осы тұғырық жер адамдардың құтты мекеніне айналады.Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті.
Менің ауылымның тарихы бар.Ауылымның бұрынғы Совет үкіметі кезіндегі атауы Папанин деп аталған.Ол кім екенін,сол кезде қандай ерлігі үшін, бұл ауылға осы кісінің атын бергенін біз түсінген жоқпыз.Батыр аталарымыздың есімдері кітапқа жазылған,аулымның ғасырлық тарихына қызықтым. Ауылымыз киелі жер,ата- бабалардан қалған аманат деп білеміз.
Бәрімізге белгілі Соңғы жылдары Әлемді жаулаған пандемия қасыреті бәріне мәлім. Ауылға бармағалы үш жыл болыпты.Биылғы кезекті жазғы демалысты ауылда өткізгеніме қуандым.
Қазағым дана халық қой.Әр ісі қайырлы және берекелі.Сондықтан халықта «Ауыл түбі — бірлік, Қауым түбі — тірлік»-деген.
Байқағаным Ауыл тіршілігі сол қалпында жалғасуда.Егіні егулі,шөбі жинаулы, малы өрісте!Аллаға шүкір!
Ауыл тұрғындары өздерінің үйреншікті және күнделікті жұмыстарын ляззаттанып атқаруда.Ер адамдар нағыз қамқоршы,жомарт,отбасын асыраушы әркім өз ісіне,сөзіне берік азаматтар.Балаларына сыйлы және үлгілі әкелеріміз көп болуына іштей қуанамыз ғой!
Ауылдағы жеңгелерімнің жұмыстары аз емес. Оған дәлелім бар.Таң атысы мен батысын,күннің ыстығы мен суығына қарамастан Әйел-Ана отбасының ұйытқысы.Қонақ күтіп,әдеп-ғұрпын сақтап,барына мәз болып жүрген аналарымызға бас иемін!
Жаз бойы құрт пен ірімшігін, қымызы мен айранын үзбеген осы ауылдың түтінін тұтатып,ұрпағын тәрбиелеп,әулетке ие болып,ақылды енелеріміз ,мейірімді әжелеріміз ғұмырлы болсын!Үлгі тұтамыз!Денсаулық тілейміз!
Жеңгелерімнің қайнап тұрған ,ыстық самаурынның сүт қатқан ,қою ,тәтті шәйі- көңілдің ажары ғой!
«Ауылым – алтын тұғырым»
«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».
М.Мақатаев
Ауыл адамзаттың кең дүненің есігін ашқан,өмірге келген жерің. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған өлкем.
Менің туып өскен жерімнің Ұлы Дала атауы бар,мен Жамбыл облысы Меркі ауданы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан кішкентай Жауғаш батыр ауылында дүниеге келдім.Менің ауылымның тарихы бар, Жауғаш Ботбай тайпасының Қоралас руынын шыққан белгілі батыр,қолбасшы,елші болған.Ауылымның бұрынғы Совет үкіметі кезіндегі атауы Папанин деп аталған.Ол кім екенін,сол кезде қандай ерлігі үшін, бұл ауылға осы кісінің атын бергенін біз түсінген жоқпыз.Ауылымның Рысбайұлы Еренбай,Жақсымбетов Әлімбай,Сансызбайұлы Зауыт аталарымның есімдері кітапқа жазылған,аулымның ғасырлық тарихына қызықтым. Жылдар өтті,Қазақстан өзінің Егемендігін алып,көптеген жетістікке қол жеткізді,ең бірінші қуаныш- Ауылымның өзіміздің батыр атамыздың есімінің атауы салтанатты түрде берілуі.Ол күн біздің ауыл тұрғындарына ерекше қуанышты күн болды.
Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және осы ауылымның шағын төрт сыныптық мектебіне алғаш барған кезім әлі есімде. Сол мектепке баратын жолым маған өте ұзын болып көрінетін,өйткені біздің кезімізде көлік жүрмейді,ауыл тұрғындары жаяу жүретін.
Қазір есейдім, отбасын құрдым,сүйікті жар болдым,аяулы ана болдым,дүниеге бір ұл,бір қыз әкелдім,бірақ өмір бойы мен үшін балалықшақтағы туған аула мен көше – менің елімнің бір бөлшегі, оның бүгіні мен ертеңі менің толғандырады. Жауғаш батыр ауылының тұрғындары өзіміздің қазақтар,менің ауылымда басқа ұлт өкілдері тұрмайды.Сондықтан,бұл ауылдың жомарттығынан, барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.
Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін берік ұстап келеді. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Қазір мен өзімді ең бақытты адаммын деп санаймын,өйткені менің елім Тәуелсіз,егеменді Ел.Балаларымның болашағы зор.
Бұл сөзімді Елбасының қанатты сөздерімен дәлел келтірейін: »Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан.
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-сөкен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жасбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…
Елбасының әр айтылған сөзі ұрпаққа өнеге болып табылады.Ия,әр уақытта осындай қазақ елінде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамын!Өскелең ұрпақ Елбасымыздың алға қойған мақсаттарын орындай алатын дәрежедегі азаматтар көп болсын деп тілеймін.Елбасымыздың қанатты сөздері көкірегімізге саналы ой ұялатады.Мен өзімді Елімнің патриотымын деп санаймын.Өйткені,менің мамандығым бала оқыту.Менің мамандығым ұстаз-ол өмірдегі екінші ана!Мен осы керемет мамандықтың иесімін.
Ұстаз болу, оқушыларыма жақсы тәрбие беру, менің бала кезімдегі арманым еді. Жаратушы Алла осы асқақ арманыма жеткізіп отыр.
Жақсы ұстаз шәкіртімен көзге көрінеді.Мен алғашқы әріпті осы ауылда,ауылдағы жалғыз ұстазым Мейіркүл апай үйретті,қазір апайымыз зейнетте,өзінің оқушыларын — ауыл балаларын оқытудан шаршамаған,әр баланың ең бірінші тәрбиелі және өнегелі болып өсуіне себепкер болған ауыл ұстазы.Менің есімде ұстазым туралы жақсы естеліктер қалған.Сол кезде ұстазымыз «Мына суретке қараңдаршы,осындай мықты ағаларың біздің Жауғаш ауылынан шыққан деп,ағаларыңдай үлкен азамат болыңдар деуші.Айта кетсем олардың есімі профессор Тельтаев Бағдат ағамыз өзінің парасаттылығымен және өсіп келе жатқан жастарға қамқорлығымен,әкем Жақсымбетов Сағат Әбілбайұлы,Қосаев Мұрат Сансызбайұлы,Оразбаев Өмірбек Сайыспекұлы ағаларымыздың ауылына деген сүйіспеншілігі,қарапайымдылығымен танылған асыл тұлғалар деп білемін.
Уақыт өте келе туған жердің қадірын әр адам әрқалай түсінетін шығар.Сондықта,менің арманым өзімнің кіп- кішкентай ауыл мектебіме деген қамқорым ерекше,Жауғаш батыр ауылының мектебінде қазіргі таңда жыл сайын оқушылар саны азайып барады,өйткені ауыл тұрғындарының кішкентай балалары өсіп,мектеп шағын болғандықтан қалаға қоныс аударып жатыр.Ия,өйткені заман өзгеріп,әр адам өзінің арманын орындалғанын қалайды екен,сөйтіп мектеп бітірген кейін қалаға оқуға кеттік. «Қыз бен қойдың жүрмейтін жері жоқ» демекші, қазіргі тұратын жерім Ақмола облысы,Бурабай ауданы,осында келін болып келгеніме он жыл болды.Уақыттың қалай зымырап өткенін,санамның өзгергенін енді байқадым.Сондықтан,әрқашан маған өзімнің туған жерім ыстық.Өйткені менің қара шаңыраққа деген құрметімді сөзбен айтып жеткізе алмадым.
Мен тіл маманы болғандықтан өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін. Қазақ тілінің мәртебесі жылдан – жылға өсіп келеді, сонымен қатар оқушылардың тілге деген көз – қарасы өзгеріп, тілді үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп жатыр.
Ана тілі – адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы.Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім келеді.
(1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Загрузка…