Страна: Казахстан
Увлекаюсь музыкой и поэзией. Творчеством занимаюсь около 5 лет.
Country: Kazakhstan
I am fond of music and poetry. I m doing cretive work for about 5 years.
Стихотворение “Жалғанның сергелдеңі”
Жүріп келем, жалғанның жартасымен
Өмір сондай, сабақ берер, тақтасымен.
Не болса да, ақыретке дайын болшы
Ажал шіркін, шауып түсер, балтасымен!
Бұл жалғанды, өмір деуге болмайды,
Жалған десем, адасқандар тулайды.
Нағыз өмір, алдымызда, адамдар
Жәй айтқанға, түсінбесең, сол қайғы.
Бұл бір бейне, өткінші, тағдыр екен,
Үш мейман, ескертпестен, келеді екен.
Барлығынан хабарым бола тұра
Ырзық, жазмыш, өлімге, сабыр етем.
Сынақ атты кемеде, біз келеміз,
Сондықтан да, бір жылап, бір күлеміз.
Теңізден, бұл кемемен, батпай шықсақ,
Алла қалап, Жәннәтқа біз кіреміз!