Шахризат

Страна: Казахстан

Кумарханова Айнур Сериковна родилась 10 Марта 1983 года в селе Семияр,Бескарагайского района ,Семипалатинской области. Поэтесса из Казахстана.Пишет стихи с детсва.Сделал перевод нескольких стихотвворений русских,немецких,французский,персидских поэтов 19-20 веков.В настрящее время начал писать прозу,повести и романы…Студент Семейпалатинского колледжа «Сервиса» 2005-2007 г.г Студент университета мм С.Аманжолова.2009 г призёр мушайры акынов в городе Усть-каменогорск.Победительница Республиканского конкурса поэтов в городе Атырау 2018 г.В 2017 г в книга поэтов «Радуга души»,вышедшую на международном конкурсе в Костанае,вошли несколько стихотвворений автора.В 2005-2011 г.г в Семипалатинской издательстве «Талант»изданы книги-Асыл арман,Мой ласточки,Пирамида.Финалист Международного Открытого международного конкурса 2020г.


Country: Kazakhstan

Kumarkhanova Ainur Serikovna was born on March 10,1983 in the village of Semiyarka.Beskaragaysky district,Semipalatinsk region.A poet from Kazakhstan.He has been writing poetry since childhood.He translated several poems bu Russian,German,French,and Persian poets of the 19th and 20 th centuries.At present,he began to write prose,novel,and novella.Student of Semipalatinsk College of Service 2005-2007,student of S.Amanzholov University in Uskamenogorsk.In 2009,medalist mushayra akynov in the sity of Uskamenogorsk.The winner of the republican contest of poets in Atyrau in 2018.In 2017, the Book of poets «Rainbows of the Soul».published at the international competition in Kostanay.included several poems by the author.In 2005-2011,the Semipalatinsk publishing house «Talent»published the books «Asyl arman»,My Swallows,Pyramid.Finalistof the International Open European Competition 2020.

Отрывок из cборника поэзии  “Ветерок Бескарагая 

 

1.Сен мені әйел деп кемсітпе!

 

\Сен мені әйел деп кемсітпе

Әйелге қараған бар адам!.

Әйелді биікке көтерді,

Көктемде құлпырған Жер – Ана!.

 

Осы ана құс болып ұя сап,

Жем суын тасыған балаға!

Осы ана жастығын қия сап,

Мейірін төгетін далаға

 

Сол әйел майданда ер үшін

Кетпен мен күрегін қолға алды!.

Кешеде мен білем ел үшін

Құрбан боп қиылған жандарды!.

 

Қайғымен сынама әйелді,

Сыналса темірдей шыңдалды!

Байқасаң әр елде, әр жерде

Әйелдің дауысы тыңдалды!.

 

Әрине кездеседі жетесіз,

Түнектің тығылған түбіне!

Білемін жынданып кетесіз

Әйелдер бастаса бүліне!

 

Ездер бар есіріп кететін,

Таптаған әйелді табанға!.

Ер де бар қадірлеп өтетін,

Паш етіп осынау ғаламға!

 

Ұмытпа, сол әйел мәңгілік,

Үлгі боп маған да, сағанда!

Кетеді ескерткіш салдырып,

Өзінен құламас адамға!

 
 

 

2.Соны ұқтым..

 

Неліктен айтшы налыдың,

Налымас мәңгі бар ма адам.

Сырты алдамшы, жаны мұң

Бұл жалған бәрін алдаған.

 

Өзімнен өзім жабықтым,

Қуаныш атын ұмытып.

Өмірден кейде жалықтым,

Өң-түсін тұрған құбылтып.

 

Кейде бар үрей бойымда,

Жоқ нәрседен тарықтым.,,

адамның өзі сан жұмбақ,

Жауабы жоқтай соны ұқтым.

 
 

 

3.Есіңде ме еді, сол бір кез…

 

Есіңде ме айтшы сол бір кез

Ең алғаш болып тіл қатқан!.

Жайдары жазда болдың кез

Адамым едің ұнатқан!.

 

Сол кезде сен де сездің бе

Бір бақыт келіп үн қатқан!?

Ғашықпын деген жалғыз сөз,

Кетпеген болды құлақтан!.

 

Мен үшін әлем жаңарып,

Сен үшін кеттім биіктеп!.

Бірақ та тәңір сазарып,

Араға келіп киліккен!

 

Аттанбақ едік бір жолға,

Екіге кеттік бөлініп!.

қол бұлғап кеттің сол жаққа

Сағыммен бірге өріліп!

 
 

 

4.Бәрін де сен деп қаламын…

 

Жаныма мұң боп оралдың,

Өмірден қызық кеткендей..

Түнімде келіп бір салқын,

Бетімнен келіп өпкендей…

 

Арманға еріп ой санам,

Көңілден сәуле өшкендей…

Жырымды тағы қарсы алам

Сел болып, соғып өткендей…

 

Өзегім барад өртеніп,

Жаныма байыз жоқтай бір…

Жүрекке түскен қайғымның,

Уыты мүлдем қайтпай жүр..

 

Қолыма қонса қаламым,

Есімің келед ойыма…

Бәрін де сен деп қаламын,

Кім болып біттің бойыма…

 

5.Бақытты мәңгі боламын…

 

Бақытқа бетті төседім,

Өс елім, мен де өсемін!.

Жазира мынау далаң да,

Самалың болып есемін!.

 

Өпкенде мені сол бақыт,

Барлығын, бәрін кешемін!.

Шығыс пен Батыс арасын

Нөсерлеп барып көшемін!.

 

Көбелек болып гүлді өбем,

Гүл болып мүмкін түленем.

Әлемге бақыт сыйлаймын,

Ораймын үлде-бүлдемен!

 

Кек пенен қайғы, мұң мен зар

Күйдірем оны күнге мен!.

Айналам толып шуаққа,

Жоғалады түн деген!.

 

Әлсізге қамқор боламын,

Жарлыға демеу боламын!.

Бақытты болса қазағым,

Білемін, медеу боларын!.

 

Бақыттан десте оямын,

Әлемге соны жаямын!

Қазақтың ұлы тағдырын,

Биікке мәңгі қоямын!.

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (35 оценок, среднее: 4,03 из 5)
Загрузка…