Страна : Казахстан
Я-журналист, творческой работой занимаюсь в течение 15 лет.Мои книги на Родине печатаются по гос програме .В 2018 году стала финалисткой международного конкурса.Являюсь членом Евразийской Творческой Гильдии.
Country : Kazakhstan
I am journalist engaged in creative work for 15 years.My books are printed in the state program at Homeland.In 2018 became a finalist of the international competition.I am a member of the Eurasian Creative Guild.
Отрывок из детектива “Мэри және басқалар”
Мэри Кей Эш өзі аттас компанияның ірге тасын қалаушы. Америкалық бизнесмен. Мэри өз атын дүние жүзіне белгілі косметикалық өнім шығарумен мәшүр етті. Дүние жүзінде 150 ден астам әйел Мэри өнімін сатып, 1 млн . доллардан астам табыс тауып, байып кетті. Мэри Кей Эштің табынушылары оның табысқа жетуі материалдық жағынан ғана емес, көптеген әйелдердің өмірден түңілуін болдырмауында деп бағалады. Мэри өзінің қызметкерлеріне « Мен сіздердің Америкадағы ең көп табыс табатын әйелдер болғандарыңды қалаймын» деген болатын . Бұл әйел туралы «Бұл әдемі әйел туа бітті қайсар , ержүрек бітімімен бөлек» деп жазды ақпараттар ағымы.
Менің бұл туындым осы Мэри косметикасының Қазақстанда таралуы кезінде өмірге келген , Мэри атты қазақ қызының өмір туралы болмақ.
Бірінші бөлім
1 Тарау
Бүйірінде «Яндекс» деген жазуы бар такси қаланың ең үлкен даңғылымен жүйткіп келеді. Шашы желбіреген жасөспірім қыз жартылай ашқы әйнектен қолын созып , сауасағымен ойнаған желге мәз болып, сықылықтайды. Түннің бір уағы көшеде көлік сирек. Такси жұлдыздай ақты.
–Туу.. Жансерік аға… жәйлап жүрсеңші.. Қорқынышты… .
–Солай ма, сені ер жүрек қыз деп ойласам.
–Керісінше, өте қорқақпын. Анам түнгі ауысымға кеткенде , үрейленіп ұйықтай алмаймын.
–Жалғыз қалдырып кете ме?
–Бұрын Мэри парфомериясын сатумен айналысатын. Көп жүріске аяғы шыдамай, колледжіге вахтерлікке ауысты. Екі күн күндіз .Үшінші күні түнге барады. Үйрендім ғой. Сонда да елегізимін.
–Маған айтсаң, серік болуға даярмын.
–Сосын көршілер шулап шықсын дейсіз ғой.. Ой , біздің көршілер бір- бірінің аттап аяқ басқанын аңдып отырады.Есік алдына шығып, кім келді, кім кетті, ана қыз қайда барды , қайдан келді деп бәрін өсектейді..
–Мэри… маған күйеуге шықшы?!
–Оныңыз не? Мектепті енді ғана бітірдім.Оқуым керек.
–Онда тұрған не бар.Тұрмысқа шығып та оқуға болады ғой.
–Қойыңызшы…Мен олай еткім келмейді. Оқуға түсуім керек.Анам менің оқығанымды қалайды. Ол кісінің қалауын аттап кете алмаймын.
–Ал менің анам , үйлен, бәрібір оқудан қол үзіп қалдың .Енді інілерің оқыса болар. Келін алып бер деп , күнде құлағымды жейді.Қызым жоқ десем, сол да сөз бе , неше түрлі қызды тасып жүрсін, маңдайынан шертіп жүріп алмаймысың дейді ғой..Мен бір зат таңдайтындай. Ал сені бір көргеннен ұнатып қалдым, жатсам , тұрсам ойымнан кетпейсің. Енді менің не істеуім керек?! Сені бес жыл бойы күте алмаймын ғой.
— Егер шын сүйсеңіз, күтесіз.
–Мен күтем.Ал сен оқуға түссең, айналаңда жаңа достар , жаңа жігіттер пайда болады. Сосын мені ұмытып, басқа біреуді тауып аласын.
– Алғашқы махаббаттың ұмтылуы мүмкін емес.
–Жаным , мен сені қазір үйіме алып қашып кетсем ше…
–Тш…тш..анам….
–Мэри , сен қайда жүрсің ? Түн ортасы болды. Кіммен жүрсін?Тағы сол ма?! Өзің де бас бар ма?
–Апа , қазір…
–Тез үйге кір.
Екінші қатарға ұшып шығып, кіріп келген қызының бал-бұл жанған жүзіне қарап.
–Тағы ана таксисің бе? Таксис табылмайтындай. Мен саған не айттым. Оқисын дедім.
–Апа , мен оны сүйемін…
–Сүйем , күйеміңді білмеймін. Оқуға кетесің.
–Апа , кейін оқысам қайтеді….
–Мәссаған, сен есіңнен ауысқан шығарсың? Енді үйден аттап баспайсың.ҰБТ –ыңа дайындал.
****
Мэри анасы түнгі аусымға шыққанда ғана , көршілердің көзін ала беріп, поъезден қашып шығатын болды. Анасы айналадағы ерігіп отырған кемпір-сампырдың бәріне бақтырып қойған. Балконға шыққан сайын :
–Мэри , қызым бармысың ,–деп даукыстайды.
–Иә, әжетай , сабақ оқып жатырмын ,–дейді.
–Оқы, оқы,шешең дұрыс айтады. Оқыған болса, ана бейбақ анаң құсап есік күзетіп отырар ма еді.
Түннің бір уақында кемпірлердің бәрі ұйқыған кеткен сәтте , мысық табандап шығады. Үйге жақындауға батпай , көлігін алықса тастап , екі көзі есік аузында болып жүрген Жансерік тышқан аулаған мышықтай тап береді.
«Ақырын , олар ұйқытап жатып та Мэри »деп айқайлайды.
«Онда тезірек кетейік»
Екі жас саябаққа тоқтап, неон шамдарының нұрына малынған гүлзардың гүлге толы аяқ жолымен, құшақтсып, бір -бірін аймалап жүріп алды. Бұлардан басқа да бірнеше жұп қыдырыстап жүреді. Бұрын –соңды жігітпен серуендеп көрмеген жас қыз Мэри Жансерік құшағына тартқан сайын тұла бойы балқып, ерніне ерні тиген сайын, еркінен айрылып елжірейді.
–Жаным, сені жібергім келмейді. Күнде осылай құшағыма алып, жүрегіңнің соқанын жүрегіммен сезгім келеді. Сенсіз маған анау аспандағы ай да, жұлдыз да, мынау жайқалған гүлдер де мән мағынасын жоятын тәрізді. Сен қайда барсаң ,көлеңкең боп жүргім келеді. Менің жанымда қалшы! Кейін оқисын. Мен сені оқытамын.
–Мен де сізден айрылғым келмейді. Күні бойы сізді көргенше асығып жүремін. Бірақ анам көнбейді..
–Менімен қашып кет..Анаң тулап-тулап қояды. Меніңше, ол да жалғыз қызының алысқа кеткенін қаламайды. Тұрмысқа шығып, немересін апарып тұрсаң, ашуы тарқайды.
–Сіз бәрін білесіз…Жансерік аға! Ал мен ешнәрсе білмеймін. Себебі жаспын. Мектеп есігін жапқан бойым. Тіпті сізбен бақытты болам ба, болмаймын ба ,оған да көзім жетпейді.Бірақ, сіз менің жүрегімді жаулап алдыңыз Неге екенін . Сізді көргім келеді де тұрады. Бұрын такси деген жәй бір көліктің түрі болып көрінсер сізбен танысқалы сол таксилердің бәрі көзіме жылы ұшырап, көрсем көңілім алып ұшады.Сізге ес-түссіз ғашықпын. Үйде отырып, көліктің даусын естісем болды, балконға жүгіріп шығам. Сізді кездестіргенше, өмірдің осындай қызықты екенін де сезінбеген тәріздімін. Сіз маған күннің қызуы, айдың жарығы, ағаштың сыбдыры, құстың шырылы, айналамды жылу мен жарыққа бөлеп тұрған жалғыз жан болып көрінесіз.Кейде жынданып кете жаздаймын.Егер сізден жазатайым көз жазсам , өмір сүре алмайтыныма көзім жетпейтіндей , не істерімді білмей дағдарамын.. Неге сізді кездестірдім екен?! Өзім де отқа түспей, анамды да шырылдатпай , алаңсыз жүре берер едім. Амал не, қас пен көздің арасында кездесіп, өмірге жаңа ғана көзін ашқан мен сияқты балауса қыздың жүрегін жаулап алдыңыз .Адам жүрегінен айрылса , өмір сүре алмайтыны анық. Маған қал деп үгіттемесеңіз де , сізді көзімнен таса қылып, ешжаққа кете алмайтыныма күннен –күнге көзім жетуде.
–Мэри, махаббатым менің , шын сөзім, алақаныма салып аялап өтем.Мен де сені бір көргеннен ұнаттым.Сені алғаш көрегенен осы қыз менікі дедім.Несін жасырам талай сұлулар қылтыңдап, менімен тіл табысқысы келді. Біріне көңілім аумайтын. Ал сен көрген сәттен бірден баурап алдың. Қазір алып кет десең, алып кетем.Саған өлердей ғашықпын.
Екі жас бір –біріне деген жүректерінде тәтті сезімдерін жеткізумен таң қылаң бере құшақтарын жазып, жігіт қызды үйінің жанына әкеліп түсіріп, ертең кездесуге уәде байласты.
Бірақ сол ертеңнің екеуі үшін енді сәті түсетінінен хабарсыз болатын….
(8 оценок, среднее: 3,13 из 5)