Шахризат

Страна : Казахстан

Меня зовут Айнура,пишу стихии с детство,перевожу стихий с русского на казахскии.люблю поэзию.Живу в Казахстане.на сегоднящний день было опубликовано несколько сборников моих произведение на родном языке..


Country :  Kazakhstan

My name is Ainura.Write poetry since childhood.translate verses from Russian to Kazakh.love poetry. i live in Kazakhstan.To date has been published several collections of mu works in my native language..


Из сборника стихотворений “Посвещение Абаю”

1  Балалық кезім есімде…

Балалық кезім есімде,
Ұстазым ұстап қолымнан
Жарқырап Ленин төсімде
Шығарған білім жолына
Біз оқып жүрген мектепке
Аралас ұлттар баратын
Мақсатқа биік жетпекке
Білімге құштар болатын
Бір күні ұстаз классқа
Шаттана кіріп,сөйледі
Еліміз азат жол бастап
Өзгерді көсем,деп еді
Аландап бала көнілдер
Бул сырдын жетпей жайына
Әр түрлі еді сезімдер
Қазактын аткан танына
Сол куннен бастап,ол тулга
Ілінді класс төріне
Жаркырап турды кабырға
Көгімнен кунім көріне
Сол куннен бастап сан улттар
Бас иіп,оган еліге
«Бакыты – деді дарыган
Берілген казак жеріне!»
Сол куннен бері,сырт та дос
Жауымыз жоктай мулдем де
Каймана казак бір тутас
Сактаулы бугін ірген де!
Бакытка сенед бул урпак
Тыныштык барда жерімде
Нурсултан көсем бейнесі
Ілулі турса төрімде!

 

2

Абайға

Ғасырмен ғасыр сырласып,

Өмір мен өлең жымдасып.

Абайды білсең, ей ұрпақ

Абайға қалшы үн қатып!…

 

Айымен түннің сырласып,

Шолпанменен мұңдасып…

Абайдың әзиз жүрегі – 

Адамға болған шын ғашық..

 

Өлеңі жатты нұр төгіп,

Ойлары терең күлтегін!…

Найзағай соғып санаңды

Дүр сілкінтті жыр көгін..

 

Надандықтан жиреніп,

Адалдықтан үйреніп…

Абайдың ойын шалғанда

Біз нелерді сүймедік?!..

 

Ғылымға қарай асықтық,

Білімге қойды ғашық қып!…

Арманнан мақсат қашадық,

Жамандықты жасыттық!…

 

Еңбекке мана талпындық,

Жолында соның сарқылдық!…

Көре алдық Абай көзімен,

Болашақты жарқын ғып..

 

Өтірік, өсек, мақтаннан,

Санамыз ояу, тартындық!…

Дейтіндей Абай ұрпаққа – 

«Алдымен қалқам парқыңды ұқ»!.

 

Содан соң барып салтыңды ұқ,

Сен одан неңмен артылдың!?

Бес күндік мынау фәниде – 

Жағдайы қалай қалпыңның!?

 

Фәни мен бақи арасын

Сен неңмен жаулап аласың!?

Тереңнен қозғап, тереңге

Тартқандай адам баласын…

 

Ағаштың бар ғой -шынары

Көңілдің болад құмары!..

Абайдың айтқан сөздері,

Адамның таққан тұмары!

 

Бір тілде ғалам сырласып,

Бір тілде әлем мұңдасып!..

Сол тілде Абай тіл қатты,

Адамға болып шын ғашық.

 

3

 Ақтара берем ол жазған…

Алаулап атқан таңдарда,

Кәусәр бір ауа лебі бар…

Бір рахат сыйлар жандарға

Адамзат болсаң сезіп ал!

 

Бойыңа ләззәт сыйлаған,

Керемет оның емі бар…

Таңдарды талай қимаған

Ақындардың кезі бар…

 

Сол таңдар шықты көмкеріп,

Күн соған көзін төңкеріп…

Айналаң жақұт сияқты,

Оянып бойда – еркелік!…

 

Ән салғың келіп кетеді,

Көңіл күйіңді көтеріп…

Жүрегің бір күй шертеді,

Өмірді сүйіп, өртеніп….

 

Осындай сәтте оралар,

Есіңе Абай өлеңі…

Іштегі әлем жаңарар,

Оралып ойдың кемелі…

 

Таза ауа, әлгі таңғы шық,

Бойыңа бір күш береді.

Қиындықармен алысып,

Шыңдарға шыққың келеді.

 

Сол шыңда құды ауадай

Тұрғандай Абай қол бұдғап…

Алды-артыма қарамай,

Мен үшін жоқ деп болдырмақ…

 

Ақтара берем ол жазған,

Өлеңін, қара сөздерін….

Өзгеріп кетем, тым бөлек,

Түйгенім, сүйген, сезгенім…

 

4 РАС ОЙЫМ

 

Рас ойым, шыңыраудың түбіндегі

Мүсін боп қатып қалып бүлінбеді

Біреулер мынау кім деп, таңырқаса

Біреулер көрем деп жүр бүгін мені.

 

Кім едім, көп ақынның бірімін мен,

Асып та тұрғаным жоқ біліміммен

Орақ тіл, өткір ақын жетіп жатыр

Қасиетті Семейдің түбірінен

 

Ақ арман жетелейді бүгін мені

Жақсылықтан көңілім түңілмеді

Бал ойым, пәк қиялым, махаббатым

Құлағыма жыр болып күбірледі.

 

Мінгестік сол бір жырдың кемесіне

Ұмтылдым биік шыңның төбесіне

Өмірден осындай бір ақын өткен

Деп ертең, аларсың деп сен есіңе!

 
5    Махаббат сені мәңгілік
 

 

Ойлағым келмейд сені мен,

Осынау ойдан жерінем!

Сүйемін десем, бекер бұл

Ақымақ болып көрінем!.

 

Өзімшілмін – ау тегі мен,

Кездескелі бері сенімен!.

Аспанда туған айды да

Көрсем дейім жұлдыз өңімен!.

 

Жердегі барлық гүлдерді,

Өзіңсіз өткен күндерді,

Ойлаған сені түндерді,

Білмеймін маған кім берді!?.

 

Тәтті мұң бөлеп ойымды,

Бір сиқыр билеп бойымды.

Махаббат, бүгін мәңгілік –

Шешкен мен сені қоюды!,

 
6     Болды, болды сені ұмыттым

Болды, болды сені ұмыттым

Азабыңнан шаршадым

Түзу жолда сүрініп мың

Бір тұруды аңсадым

 

Болды болды сені ұммыттым

Сағынышымнан жүдедім

Сен мені ұмыт, менде ұмытам

Бұны жақсы білемін.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (8 оценок, среднее: 4,25 из 5)

Загрузка...