Сауле Досжан

Страна: Казахстан

Досжан Сауле Магазбеккызы родилась 2 сентября 1959 года.
В 1987 году окончила факультет журналистики Казахского Государственного Университета.
В 2006 году окончила юридический факультет Центрально-Азиатского Университета.
Награды:
2001 год – «Лауреат премии имени Ануара Байжанбаева» Союза журналистов Казахстана в связи с 10-летием Независимости Казахстана.
2002 год – Гран-при совместного конкурса Парламента РК и Министерства обороны «Ел қорғаны».
2006 год – юбилейная медаль «ҚР Парламентінің 10 жылдығы».
2009 год – нагрудный знак «Мәдениет қайраткері» Министерства культуры РК.
2010 год – Гран-при по поэзии на республиканском конкурсе НДП «Нұр Отан» «Елім деп соққан жүрегім».
2011 год – третье место на республиканском поэтическом состязании (мушайра) «Тәуелсіздікке тарту».
2011 год – присвоено звание «Почетный гражданин Уйгурского района» Алматинской области.
2013 год – второе место на поэтическом состязании (мушайра) «Жайна, жаса Астана», посвященном 15-летию Астаны.
2014 год – призер радиофестиваля «Әскери әндер» за произведение «Сарбаздар маршы».
2015 год – юбилейная медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы».
2015 год – Указом Президента РК присвоено звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
2016 год – юбилейная медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл».
2016 год – победитель номинации «Үздік ақын» на форуме «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР», посвященном 25-летию Независимости страны.
2017 год – призер, 3 место номинации «Проза» международного литературного конкурса OEBF 2017(UK)
Член Союза писателей и Союза журналистов Казахстана.

Творчество:
2000 г. «Жыр тәж» (поэзия) / издательство «Атамұра»;
2006 г. «Үшінші есіктің құпиясы» (проза) / издательство «Қазақпарат»;
2008 г. «Жатқа туған бала» (проза) / издательство «Фолиант»;
2011 г. «Арман қала» (поэзия) / издательство «Қазығұрт»;
2013 г. «Үлкен үйдегі үрей» (проза) / издательство «Жазушы»;
2014 г. «Құдіретті қалам иесі» (проза) / издательство «Фолиант»;
2015 г. «Менің жалғыз серігім» (поэзия) / издательство «Дәстүр»;
2016 г. «Өгей жүрек» (проза) / издательство «Фолиант»;
2018 г. «Үлкен үйдегі үрей» (проза) / издательство «BRK Press»;
«Когда женщина заложница! (проза) издательство Профи Медиа
« The tragedy of a bastard ( prose) publishing house «Hertfordshire
Press»

Автор мультфильма «Маймақ қаз» и текстов около 20 песен.


Country: Kazakhstan

Saule Doszhan was born on September 2, 1959.
She graduated from the Kazakh State University Journalism Faculty in 1987 and Law Faculty of the Central Asian University in 2006.
AWARDS:
2001 – Winner of “Anuar Baizhanbayev Prize of the Union of Journalists of Kazakhstan” for the 10th anniversary of Independence.
2002 – Received the Grand Prix of the “National defender” competition, which was co-organized by the Parliament and the Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan.
2006 – Awarded the jubilee medal “10 years of the Parliament of the Republic of Kazakhstan.”
2009 – Awarded with the “Cultural luminary” medal by the Ministry of Culture.
2010 – Won the national contest in the genre of in the national “My country, my heart” poetry contest organized by the Nur Otan National Democratic Party.
2011 – She won third place in the “Call for Independence” National Poetry Contest.
2011 – Named “Honorary Citizen of Uigur district of Almaty region.”

2013 – Won the second prize at the jubilee song contest “Shine, New Astana” dedicated to the 15th anniversary of Astana.

2014 – Won the “Military songs” competition at the radio festival with her song “March of the soldiers.”
2015 – Awarded with the “20 years of the Assembly of People of Kazakhstan” medal.

2015 – Awarded the title “Honored Worker of Kazakhstan” by the Decree of the President.

2016 – Awarded the “25 years of Independence of the Republic of Kazakhstan” medal.

2016 – Winner the “The Best Poet” nomination in the
“Independence.Literature Writer” Forum dedicated to the 25th anniversary of Kazakhstan’s independence.

2017 – Won third place in the prose category at Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017 (Sweden) for her book “ My Own Strange Heart.”

2018 – won First Prize in the National “The capital – bulwark of the nation” Poetry Contest dedicated to the 20th anniversary of Astana.

She is a member of the Writers’ Union of Kazakhstan and the Union of Journalists.
Works:
2000 “Jyr Crown” (poetry) / Atamura publishing house;
2006 “The secret of the third door” (prose) / Kazinform publishing house;
2008 “Baby born to the womb” (prose) / Foliant “publishing house;
2011 “Arman kala” / (poetry) Kazygurt publishing house;
2013 “Fear in the Great House” / Zhazushy publishing house;
2014 “Master Almighty Pen” (prose) / Foliant publishing house;
2015 “My only partner” (poetry) / Dastur publishing house;
2015 “ My own strange heart” (prose) / Foliant publishing house;
2016 “My own strange heart” (prose) in Russian / Foliant publishing house;
2017 “Sagynysh” (Prose)/ Hertfordshire Press, London
2018 “The Tragedy of a bastard”” (prose) /Hertfordshire Press, London
“Fear in the Great House” (prose) «BRK Press»;
“When a woman is a hostage” (prose) Profi Media.
Author of “Maimak kaz” cartoon and about 20 songs.


Отрывок из романа “Қасірет пен тағдыр “

                      

                                   Кімді кінәлайын…

Малақайы бір жағына айналып кеткен Әмір перзентхананың сыртқы есігін серпе ашып, қолтығымнан демеген күйі мені ішке алып кірді. Алдымыздан шыққан ақ желеңді қыз оның жолын кес-кестей беріп: 

–  Сіз ары қарай бара алмайсыз, – деп тоқтатқан.

  Күйеуім емен-жарқын көрінгісі келіп, шып-шып тершіген маңдайын жеңінің сыртымен бір сүйкей салып, бетімнен сүюге еңкейді. Соны күтіп тұрғандай,  екі мейірбике мені дереу арбаға салып, зырылдатып ала жөнелді. 

 – Қорықпа, дүниеге арыстан әкелесің! – деп, әзілдеуге тырысқанымен, үнінен қобалжу анық білінген күйеуіме соңғы рет  көз тастап, жан қиналысынан да он бөлінген ойым үстем түсіп, іштей күйзелген күйі кете бардым.

          Бір-ақ сәтте ішкі дүниемнің астаң-кестеңін шығарып, ес жиғызбай абдыратып тастаған ультрадыбыстық зерттеудің қорытындысын дәрігеріме апаруға сол күйі дәтім де, дәрменім де жетпеп еді. Күйеуіме көрсетуге батпай, толғағым басталып перзентханаға жеткенше, әлгіні сөмкемнің түбіне жасырып қойғанмын.

         Енді міне, бір жапырақ қағаз қолымды шоқтай қарып барады.

         Мені үрейдің қара құрдымына бірден тартып әкетіп, мең-зең халге түсірген сол бір тілдей ақ парақты кезекші дәрігердің қолына ұстаттым. 

Үңіле бере, өңі қашып кеткен ол алдындағы қара телефонға жармасып, құлаққа түрпідей тиетін суық диагнозды қақалып-шашалып арғы жаққа хабарлап жатты.

Сол сол-ақ екен, ақ халаттылар үлкен әбігерге түсіп, бір-бірімен сеңдей соғылысып кетті. 

«Ішімдегі өздігінен жатырымды жарып шыға алмайтын» көрінеді.

«Қарынды жарып алмаса болмайды» екен… 

«Ота керек», – дегенді естігеннен аза бойым қаза болды. Толғағым жиілеп, жаным шырқырай, бебеу қағып, қабырға қарманып тұрғанымда, қасыма кезекші дәрігер келіп:

 – Ультрадыбыстық зерттеудің қорытындысын өз гиникологыңызға ерте неге бермегенсіз? Сізге жоспарлы ота жасалуы тиіс еді ғой. Енді аяқ астынан отаға қалай әзірлейміз? – деп күйіп-пісті. 

Кінәлі кейіпте, өлеусіреген жанарымды жоғары көтеруге тырысып-ақ бақтым. Дәрігердің көкшиген көзі сәл болса шекесіне шығып кетейін деп тұр. Дауысы аса зілді естіледі:

 – Шарана сыртқа ұмтылуда, толғақ әбден пісіп-жетілген. «Гидроцефалия» екенін өзіңіз білгенсіз, оқыған, сауатты әйелсіз… Енді бірдеңе болсаңыз кінәлі кім болады? Қырсыққанда дәл бүгін кезекшілікке түсе қалғанымды қарашы, – дегенде, жарықшақтана шыққан дауысының соңы өксікке ұқсап кеткендей болып естілді. 

Бірақ жаным мұрнымның ұшына келіп тұрған дәл қазіргі сәт мен оған не дейін? Баданадай қос тамшы палатаның салқын еденіне тырс-тырс тамып түскен.

Үстіме жабылған ескілеу жабындының жағымсыз исі мұрныма келіп, жүрегімді лоблытты. 

Жанымды қоярға жер таппай, бір-екі рет әрі-бері жүріп, темір төсектің басынан тас қып ұстай алдым. Есімді жоғалтармын дегенмін. Саусақтарым сол күйі қарысып, қатып қалғандай. Білегімнен қан алуға келген мейірбике әрең дегенде жазып алды. Бойымды билеген беймәлім үрейден бе, ине пісуге тамырымды таппай, көп әуреге түсті. Бірер тамшы қанды сығып алғандай сыздықтатып, бірдеңе тамызды құтысына.

Толғақ қысқанда, тіршілік тілерсегіне жармасып, жаным қала ма, қалмай ма деп зар қағады екенсің. Алғашқы балада осылай болып па еді? Бұл бір ұмытшақ ауру менде де бар. Үкілай жеңешем екіншісін қыз босанғанда апамның: «Қыз баланың толғағы ащы болады» дегені ойыма орала қалды. Бұл жолғы толғағым Сұңқарымды дүниеге әкелгендегідей емес, тым ащы болып тұр. 

Ультрадыбыстық зерттеу жасаған дәрігердің аузынан қорқынышты диагноз шыққан кезде, сенер-сенбесімді де білмей екіұдай күй кешіп, «жынысы кім?» деп те сұрамаппын. Білегіме қойып кеткен системаға қарап жатып: «қыз шығар…» деп ойладым. Сосын дәрінің қуаты ма, көзім ілініп кетіпті.  

…Көк майса жазықта келе жатыр екенмін. Алдымнан қызғалдақты алқап көрінді. «Гүл тере кетейінші», – деп, жүгіріп жеттім. Қызығып, бір қызғалдақты үзіп алғам.  Сол сол-ақ екен, алдымнан шыққан отты жарық көзімді қарып түсті. 

Жерден аспанға тік шаншылып, қарақошқыл бұлт көтеріліп барады. «Апырым-ау, жаңа ғана шөкімдей бұлт жоқ сияқты еді ғой…» 

Кенет табан астымдағы жер қарс айрылып кетердей солқ-солқ етіп, дірілдеп ала жөнелген. Көз ұшындағы ауылым сілкіністен тербеліп, кенет сағымға айналып, көзден ғайып болып кетіп, енді бір қарағанда, алып «бұлт – саңырауқұлақ» үстінде, аспанға тік көтеріліп барады екен деймін…

Ауылға қарай алып-ұшып жүгіргім келеді, бірақ табаным жерге жабысып қалғандай, бір қадам алға бассашы. 

Сонда да бар күшімді жиып, жанталаса алға ұмтыла түсемін.

«Үйдегілер не болып жатыр екен?» деп ойлап қоямын. Жаңа ғана қызғалдаққа көміліп, тербетіліп тұрған кең жазиралы қыр  күйген терідей қоңырсып жатыр.

Қолымдағы қызғалдағымды бауырыма қысып, қорғап келем. Көзімнен аққан пора-пора жас табан астында қызараңдап, түтіндеген қоламта шоққа тамып жатыр… болмаса, жауын жауып кеткендей ме?!

Кенет қойныма тығып алған қызғалдағымды алып шығамын. Қанша аялап, қорғаштап келе жатсам да, басы қап-қара болып күйіп кеткен, сабағынан шарт сынып, салбырап тұр. 

Жүрегім аузыма тығылып, кенет шыңғырып жібергем. Өз дауысымнан шошып ояныппын. Мейірбике бетімнен шапалақтап жатыр екен. «Оянды! Оянды!» – деген дауыс анық естілді.

 –  Өз-өзіңізді қолға алыңыз! 

Кезекші дәрігердің дауысы тым қатқыл:

– Консилиум жасадық. Толғағыңызды дәрімен тоқтатып, сізді сәл «ұйықтатып» алдық. Қазір отаға аламыз, өздігіңізден босана алмайсыз! 

Осыны айтып, мейірбикеге бір тапсырмаларын берген соң, ол палатадан асығыс шығып кетті.

Толғақ қайтқан соң, жаным тынышталып, әлгі түсімді еске түсіруге тырысып жатырмын.

 «Қызғалдақ көргенім – қыз болғаны… 

 Ядролық сынақтың құрбаны болғаны ма балапанымның?!

 Түсімде қызғалдақ басын қап-қара күйік шалып, сабағынан сынып қалды емес пе?»

Кенет сол ойымнан өн-бойым дір ете қалған.

«Не деген қатігез едің, – дейді ішімдегі бір дауыс. – Түс – түлкінің боғы. Дәрігер де қателесуі мүмкін ғой? Бала он екі мүшесі сау келеді өмірге!»

«Өлі туады, не ғұмыры ұзақ болмайды», – дейді тағы бір дауыс. 

Көрген түсімді басқаша қалай жоруға болар? Әмірмен жағаласып жүріп, «өмірін сақтап қаламын» деген өзім емес пе едім? 

Әмір: «алдыртып таста», – дегенде, көнбегем.

«Гидроцефалия»… 

 Аты не деген жаман еді? Полигон зардабынан мүгедек жаратылған бала асыраған қанша отбасы өзімізбен іргелес тұрып жатқаны рас, бірақ мына зауал тап өз басыма түседі деп ойлаппын ба?!

         Сегіз ай сергелдеңде жүрген еңбегім еш болды-ау! Жанымды жеген жерігіне шыдап, түндерде тоқсан бұрап, құрсағымды қысқаныңа төзіп, кешелі бергі ащы толғағыңа тырысып отырғаным бекер кеткені-ай! 

«Екеуі қатар өскені де жақсы ғой!», – деп үміттенген күйеуіме, «Бөпе келеді!», –  деп, құлындай құлдыраңдап, қуанып жүрген ұлыма не бетімді айтамын?!

        Іштен тығылып зар еңіреп жатырмын.

 – Жыламаңыз, қан қысымыңыз көтеріліп кетеді. Отадан қорықпаңыз, ештеме білмей де қаласыз! – деп, жап-жас мейірбике мені сабырға шақырып қояды. – Оянғанда, бірден бөпемен қауышасыз. Керемет емес пе?!

       Ар жағында не сұмдықтың жатқанын бұл қыз білмейді ғой, әттең!

Көп ұзамай, ота үстелінде жаттым. 

Наркоз берген анестизиолог сөзге айналдырып тұрған. Одан кейінгісі есімде жоқ…

 –  Аяулым… Аяулым! – деген үн келеді құлағыма.  

Көзімді ашайын деймін. Кірпіктерім зілдей, қимылдата алар емеспін, болар-болмас жарық себезгілегендей болады. 

 «Есін жиды», –  деп жатқандай ма біреу? 

 «Қыз босандыңыз»!

 «Құдайға мың шүкір, қызым бар. Мен – анамын»! 

Сұңқарымды босанғанда, акушер жоғары көтеріп, тырбаңдатып:

 – Ұл таптыңыз! Құттықтаймыз! – деп, дүниені бір жарқ еткізген. Ол іңгәләп, мына дүниеге келгенінен хабар беріп,  бақырып жатты-ау! Дауысы неткен зор еді! «Батыр болады өскенде!» – деп шаттанып, мерейім асып-төгіліп 

еді-ау сонда. 

Езу тартып жатыр екенмін. 

Кенет жалған дүниеден бір сәт ірге ажыратқан санам бұлттан ашылған күндей жарқ ете қалғаны. Бәрі сап етіп есіме түсе кетті.  

        «Он екі мүшесі сау ма екен?»

         Сананы найзағайдай тіліп түскен осынау ойдан өзіме таныс бір жексұрын құлазу сезімі кеудеме ақырын жайылып бара жатты.

–  Балам қайда? – дедім, құрғап қалған ернім әрең икемге келіп.

– Алаңдамаңыз, инкубациялық кабинада, – дейді қан қысымымды өлшеп жатқан дәрігер. – Сізге әзір қозғалуға болмайды, қан қысымыңыз өте төмен, тыныштық сақтап, жата тұрыңыз.

          Есіктен мейірбике көрінген. Жастығымды сәл биіктетіп, жағдайымды жіті қарап шыққан ол жанымда асулы тұрған дәрілердің біреуін ине арқылы білегіме қосты. 

Бірдеңе дегім келеді. Бар күшімді салып қызымның жағдайын білмекшімін…

 –  Мен қайдамын?

 –  Жан сақтау бөлмесіндесіз. 

 –  Балам қайда?

 –  Нәрестелер жататын жақта… алаңдамаңыз…

 –  Жағдайы қалай?

 – Ол жағын балалар дәрігері келіп айтады. Қазір келіп те қалар.

 –  Мен оны қашан көремін… қашан емізем… қарны ашып қалмай ма?..

 –  Аманшылық болса, балаңызды да бауырыңызға аларсыз, емірене емізерсіз… шаршап қалатын болдыңыз, біраз ұйықтап алыңыз. Мына дәрінің ұйықтататын күші бар, қазір бәрі жақсы болады.

Басқа нәрсе сұрауға онысыз да күш жоқ. Құтыдан дыбыссыз мөлт-мөлт тамған дәрі тамшыларына қарап жатырмын. Ұйқы әлемі, шынында да, өзіне тартатындай. Ойым күңгірт, шашыраңқы. 

Бұл түні әл-қуатым сол күйі маған қайтып келмеді.

Көзімді ашқанда қарасам, терезеден самала жарық молынан төгіліп тұр екен. Кіршіксіз әппақ халатты талдырмаш әйел көзілдірігін бір көтеріп  қойып, өзін «балалар дәрігерімін» деп таныстырды. Қабағымды бағып, аз-кем үнсіз отырды. Сосын:

 –  Семейде ультрадыбыстық зерттеу өтіпсіз. Қағазы тіркеліпті. Өкінішке орай, онда қойылған «гидроцефалия» диагнозы  нақтыланып отыр, – деді. Соны айтып, тағы біраз үнсіз қалды.

 –  Сіз қамықпаңыз! Бұл диагнозбен туған баланы біраз уақыт анасынан бөліп ұстауға тура келеді. Өзіңіз күш жинап алған соң барып көріп тұрасыз, – деді сосын.

 –  Емізбеймін бе? – деппін. Аузыма басқа ештеме түспеді.

 – Өзіміз түтікпен тамақтандырамыз. Нәрестені аш қалдырмаймыз ғой, уайымдамаңыз, – деді дәрігер. 

        Құлағым шыңылдап, сөздерінің бірін ұғып, бірін ұқпайтындаймын. Міне, палатада тағы жалғызбын. Көз жасым қос самайымды сай-сала айғыздап, дәрі иісі сіңген жастыққа дыбыссыз тамып жатыр. 

Келер күннің шер-қайғысы ма екен бұл?

  Әлсіздігімнен болар тағы бір тәулікті қабырғасы мен төбесі бірыңғай әппақ, тар бөлмеде өткіздім. Баланы көруге аңсарым ауады. Кеуде тұсым сыздайтындай. Сәбиімді ойлағанда иіп кететін болса керек. Бірақ мына халімде маған орнымнан тұруға тиым салынған. Тіпті Әмірді де кіргізбей жатыр емес пе? 

«Ол келіп дәрігермен сөйлескен шығар. Шарананың жағдайын естігенде қандай халде болды екен. «Көзін құрт» дегеніне көнбеп едім, түбі осындай болатынын білгендей екен»,- деп ойласам, ішім жидіп кеткендей болады. Апам: «Еркектің айтқанын екі етпе. Оларды Жаратушы әйелден артық етіп жаратқан. Олар – сұңғыла! Не нәрсені де бізден бұрын әрі артық біліп отырады» дейтін. 

Мен неге ерімді тыңдамадым? 

Енді бейшара қызымның күні не болады?

        Өткенде бала дәрігері осындай диагнозбен туған баланың суретін көрсеткен. Сол сурет көз алдыма келсе, ішіме қан толғандай шіміркенем. «Балапаным, сені қандай болсаң да сүйемін! Себебі, мен сенің – анаңмын! Ана – баланы, бала – ананы таңдай ма екен?! Маған бұйырғаны – сенсің! Қандай қиындық, қорлық көрсем де шыдаймын, тек аман болшы!», – деп, көз жасым көл болып жатып, тағы бір таңды….

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (6 оценок, среднее: 3,33 из 5)

Загрузка...