Клара Кабылгазина

Страна: Казахстан

Клара Кабылгазина родилась 4 апреля 1950 года . В 1966 году окончила среднюю школу , а в 1973 году окончила Казахский государственный университет им. С.М. Кирова. Кандидат филологических наук, доцент, профессор кафедры прессы и электронных СМИ факультета журналистики КазНУ им. Аль-Фараби
Имеет 4 электронных учебника, 7 учебников, 1 учебник (МОН РК). Она разработала серию из трех томов под названием «Казахская журналистика», изданных в рамках программы Министерства культуры и информации, Комитета информации и архивов Министерства образования и науки Республики Казахстан. Она является автором более двухсот научных, публицистических и имиджевых статей.
Она награждена дипломами академии журналистов Республики Казахстан, почетными дипломамы, памятной медалю «КазНУ 80». Она является обладателем звания «Лучший преподаватель КазНУ». Она занимается художественной прозой, ее новеллы публикуются в республиканских изданиях. В 2012 году подготовлен документальный фильм в программе «Общество и женщина» на телеканале СТВ по государственному заказу на К.Кабылгазина. Ей посвятили индивидуальную программу «Сыргалым», были сюжеты об её творчестве в телеканалах «Образование», «Культура», «Асыл Арна» и « Хабар », «Евразия». Публикованы статьи в СМИ, включенные в« Ученые Казахстана »,« Величайшие» и Восточно-Казахстанскую областную энциклопедию. 
Жизненный принцип: Истина, честность, лояльность и дисциплина.


Country: Kazakhstan

Klara Kabylgazina was born on April 4, 1950. In 1966 she graduated from high school, and in 1973 she graduated from Kazakh State University named after S.M. Kirov. Candidate of Philological Sciences, Associate Professor, Professor of the Department of Press and Electronic Media of the Journalism Department of KazNU named after Al-Farabi.
Has 4 electronic textbooks, 7 textbooks, 1 textbook (MES RK). She developed a series of three volumes entitled “Kazakh Journalism”, published as part of the program of the Ministry of Culture and Information, the Committee of Information and Archives of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan. She is the author of more than two hundred scientific, journalistic and image articles.
She was awarded diplomas of the Academy of Journalists of the Republic of Kazakhstan, honorary diplomas, and a commemorative medal “KazNU 80” . She is the holder of the title “Best teacher of KazNU.” She is engaged in fiction, her stories are published in national publications. In 2012, a documentary was prepared in the program “Society and Woman” on the STV channel under a state order for K. Kabylgazina. The individual program “Syrgalym” was dedicated to her, there were stories about her work on the TV channels “Education”, “Culture”, “Asyl Arna” and “Khabar”, “Eurasia”. Published articles in the media included in the “Scientists of Kazakhstan”, “The Greatest” and the East Kazakhstan Regional Encyclopedia.
Life principle: Truth, honesty, loyalty and discipline.


Отрывок из малой прозы “Күйзеліс”

                                                              Тағы келді ғой, құстар ән салып,

                                                              Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып,-

деген ән жолдары қайта-қайта санасына оралып, тіліне үйіріліп, кеудесіндегі мұңды одан әрі қалыңдатып, көкірегін кере күрсінді. Ағынды суға қарағанына да біраз уақыт болды. Өзеннің бұрала, үйіріле аққан, сыңғыр-сыңғыр сылдыры да көңілін жадыратады. Қос аққу да бір-бірінен алыстамай, айналшықтап жүзіп жүр. Екеуі де сұлу, екеуі де табиғат жарастырған жұп.

Әзімхан екеуіне де айналасындағылар туыстар, дос-жолдастар, қызметтестер солай деуші еді ғой… Тіпті бірде үлкен құдағи, сексеннің сеңгіріне келген Асылы апа да:

– Әй, Әзімхан Күміс екеуің сондай жарасатын жұпсыңдар, – деп сүйіспеншілігін жасыра алмай, шын ниеттен қуанатынын айтып қалған-ды.  Енді не болды? Күміс жалғыз. Жан-жарынан мұндай опасыздық болар деп тіпті үш ұйықтаса түсіне, оянса есіне келмеген екен… Бір-ақ ауыз сөз бүкіл тірліктің күл-талқанын шығарды: 

– Күміс, осы уақытқа дейін мен сені сүймеген екенмін… Өзімді-өзім алдап жүріппін… Сондықтан… Мен… сүйетін адамыма кетемін.

Төбесінен соққы тигендей, мең-зең, меңірейген Күмістің аузына сөз түсер емес… Үндемеген, мелшиген күйі қала берді… Қала қазағының әдетінше балалар бөлек тұратын да, сенбі күндері бәрі осы қара шаңыраққа жиналып, бастары қосылатын. Немерелер де кең үйде шапқылап, анда барма, мұнда жүрме деген тиымдардан құтылып, мәре-сәре болатын. Ата-әже болып, масаттанып, масайрап, солардың қызығына қуанатын сәттердің бәрі де алдамшы болғаны ма сонда?

Бала-шаға жиналып келетін күнге дейін Күміс жанын қоярға жер таппады. Телефон соғып, бәрін шақырып алып, әкелерінің іс-әрекетін айтпақ болды. 

-Одан не пайда? Кімнің сөзін ол тыңдай қояр?… Бұл не деген әділетсіздік? Бүкіл өмірімді сол жарыма, осы балаларыма арнадым емес пе? Енді қайттым? Не істедім?

Жылай-жылай көз жасы таусылды. Мынау өмір өзен суындай суылдап өте шығыпты-ау… Тұңғышы – қызы туғанда екеуінің қалай қуанғандары көз    

алдына келе қалды. Титтәй нәрестені құшағына ала тұрып, қуаныштан ол көзіне жас алған-ды! Жарының басынан бақайына шейін сүйіп, ризашылығын білдіріп, ұрпағын дүниеге әкелген адамға деген шексіз ықыласын білдіріп еді.

Сол бақытты сәттің ендігі бақытсыздығын сезініп, жанардан жас саулады…

Ұлдың үлкенінде ше?! Ол туғанда тіпті не істерін білмей абдырап, елдің бәрінен, кездесе кеткеннің әрқайсысынан сүйінші сұрап, абыл-дабыл болды ғой…

Ұл мен қыз есейіп бара жатқан сәтте кішісін дүниеге әкелгеніндегі шаттықты, бақытты сәтті қайтып ұмытарсың? Қалаға бейімделіп, қызмет қуып, мансап іздеп, күйкі тірліктің бірде бар, бірде жоқ тірлігінде жүргендер біреумен немесе екеумен тежеп, «есептерінің мықтылығына» мәз болып, «модаға» бет бұрып тұрған заманда өтті ғой бұлардың жастықтары. Соның бәрінен аттап, үшінші баласы Азаматты дүниеге әкелгенде Әзекесі.        

– Күмісім, Алтыным, Жақұтымсың… Саған тең келер әйел жоқ бұл жалғанда… Балпанақтай ұлды қылдың, тұлымды қызды қылдың жаным… Сенің құлың болып өтуге даярмын енді…-, деп тебірінген еді. Сонда сол бақытты сәттердің, әдемі де әсерлі сөздердің бәрінің де жалған болғаны ма?! Яғни, мені ғана емес, ұрпақтарын да жалған жақсы көрген ғой… Мұндай да болады екен? Ой, Аллам-ай…

Есіктің алдында ағып жатқан судың сыбдыры жүйкесіне тигендей… Қашан кеш батып, ертеңгі күн келер екен? Көздерін сығырайта күнге қарап еді, орнынан қозғалмапты. Ол да мұны мазақ еткендей… Нәр сызбағанын, көз ілмегенін кімге айтпақ? Қызметтестеріне ме? Онда өсектің ордасына түсіп, отына күймей ме?

– Ойбай, ана Күмісті отыз жыл отасқан байы тастап, жас қатын алып кетіпті…

– Өзіме де обал жоқ, сонда ғана бай бардай қайқаңдап жүруші еді…

Айтылар сөздер, тіпті аузы-аузына жұқпай сөйлейтін сары әйелдің даусы да құлағына келгендей болды.

– Құдай-ау, досқа күлкі, дұшпанға таба қылдың-ау… Енді қайттым. Ұятынан өлетін болдым-ау… Өзімді үлгілі отанасы, ерім тәрбиелі отағасы, балаларымның бәрі білімді, әдепті шаңырақ иелері құдайға шүкір, немерелеріме бермекпіз ендігі жиған-терген тәлімімізді, қолдағы барымызды, – деп талай жерде айтып жүретін адамдар едік қой… 

Қаумалаған қалың ойды телефонның шырылы ыдыратып жіберді. Екі қолын кеудесіне алып,  жүгіріп кірді. Жеткенінше сан ойлар келіп, сан ойлар кетті:

-Әзімхан бе екен? Құлағына таныс дауыс, жағымды қоңыр үн келгендей:          

-Кешірші, жақұтым, мен ит болып адасыппын… үйге келейінші… 

-Балаларға айтпашы, ұят болар бәрі бір-бір үйдің иесі ғой…

-Жаздым, жаңылдым… Енді сені ешқашан ренжітпеспін. Сен мені алғаш әке атандырған балаларымның анасысың ғой. «Өлімнен ұят күшті» деген бабалар ұрпағымыз ғой, менің ісім әбес болған екен…  

-Өмірдің небір қиындықтарынан бірге өтіп, ендігі ісім сатқындық болған екен… Отбасын сатқан отанын сатқанмен бірдей ғой, кешірші… Сайтан сезім соларды ойлауға жол бермепті…

Осындай сан түрлі ойлардың бірі отағасының аузынан шығар деген үлкен үміттің жетегінде бебеулеп жатқан тұтқаны көтерді:

-Алло?…

-Әлеу, Әзекең бар ма екен?

-Жоқ үйде…

-Қайда екен?

-Білмеймін…

-Сіз кімсіз?

-Әйелі едім…

-Онда неғып білмейсіз?

-Япырмай, мені қинадыңыз-ау, шындығында білмеймін…

-Жақсы онда, сау тұрыңыз…

-Сіз де сау болыңыз!

Лүпілдеген үміт оты жалп етіп сөнді. Абажадай-абажадай есіктерден әлдекімдер сығалап, бұған күліп, мазақтап қарағандай болады. Алқын-жұлқын қайтадан далаға жүгірді. Дәліздегі айнаға көзі түсіп еді, таралмаған шаштары қобырап, жылағаннан көздері ісініп, қан жүрмей сұрланған табиғатынан әдемі бет әлпеті тіпті өзгеріп кеткен екен… Оған көңіл бөлуге мұршасы да болмай, далада әлдене ұмыт болғандай шыға жөнелді. Даңғарадай үй-іші даладай. Тіпті пана болмақ түгілі азынап, ішіне суық толып кеткендей. 

Күн әлі тас төбеде. «Ал, жылжымаймын, қайтесің?»- дегендей. Үйдегі телефон тағы безілдеді. Тұра ұмтыла беріп әлденеге шалынып екбетінен ұшып түсті. Жараланып қалған тізесін құшақтап, ебіл-себіл көз жасына ерік берді. Бебеулеп, бебеулеп телефон да тоқтады:

– Қап, Әзекем болып «тұтқаны неге алмады» деп уайымдап қалды ма екен? Бірақ, аса қажет болса ұялы телефонына соғар еді-ау деген ой келмеді басына. Сол отырғаннан отырып, жылай-жылай көз жасы таусылып, жанары жасып, кештің салқыны өте бастаған соң үйге қарай жүрді. Күнде самаладай самсып жанып тұрған шамдар жанбады. Еңсені басқан түнерген түн жақындап келе жатты. Ілбіп, құр сүлдері ала көлеңке дәліздегі орындыққа отыра кетті. Мұндай жан күйзелісін алғаш кешуі. «Кеше түнгі 9-да Әзімхан үйден шығып кеткен, бүгін болыпты ғой, яғни тоғыз бен тоғыздың арасы он екі сағат, яғни, мен осынша уақыт осылай сенделіп жүрмін… Ештеңеге зауық жоқ тәбет те жоқ. Кеше қай күн еді? Бейсенбі ме еді? Яғни, күн жұмаға ауғанда ол кетті. Осы түн өлмесем ертең балаларым келеді. Ал, өліп қалсам ше? Онда өте өкінішті жай болады. Мынадай қорлықты көрем, осындай бейшаралық күнді бастан кешемін. Сонда неге өлмекпін? Жоқ «аққа құдай жақ» дегендей, Алла маған болысса керек-ті». Ішін әлде бір өткір нәрсе тырнап-тырнап жібергендей болды. Бүктетіле құлады.

Басы айналды, айналаның бәрі көшіп бара жатқандай… Қолдарын ербеңдетіп, әлденені қармағысы келді. Көзге түрткісіз қараңғылық үйде де, түзде де. Әр жер әр жерден көздер сығалағандай… Кенет шыққан дауыстан жаны түршігіп, арқасын аяз қарығандай сезім пайда болды. 

-Біз, сайтандармыз, сенің ерің Әзімханның санасын улап, жолынан тайдырған, сені бақытынан айырған біздерміз.

-Кетіңдер әрмен! Кетіңдер, құрыңдар!

-Жоқ, кетпейміз, сенің қандай күйде екеніңді еріңнің құшағындағы сайқалға жеткіземіз. Оның жаны кіріп, рахаттанады. Ал, сен азап шегесің!

-Не жазығым бар? Неге жазықтымын өйтетіндей? 

-Сенің жазығың сол, бала-шаға, үй тіршілігі деп, солардың жағдайын жасаймын деп оған жөнді көңіл бөлмедің…

-Ойбай-ау, менің ғана бала-шағам емес қой…

-Бәрібір көңілді оған көбірек бөлуің керек еді…

-Көргің келе ме көңілдесінің қайтып жатқанын!

-Жо-жо-оқ… Қажет емес маған…

-Тіпті болмаса не деп жатқанын есті. Әне…

«Сендей еркек жоқ бұл дүниеде… Сен менің пірімсің, сен менің барымсың, байлығымсың… Сені өле-өлгенше сүйемін» деп жатыр. Сен өйтіп айттың ба? Жоқ, айтпадың. Сен оны сүйдің-ау, жаныңды ол үшін құрбан етуге бар болдың… Сүймедің демеймін. Тек оны уысыңнан шығарып алдың…

– Енді не істеймін?

– Ештеңе істей алмайсың… Анау сайқал менен де ақылды сайтан. Ол талай еркектің ығына жығыла тұрып айтқанын істетіп үйренген. Тәжірибесі мол, сен бейшара жастай тиіп, көргенің сол және оның бала-шағасы. Сондықтан, мен сенің еркек сымағыңды оған құл ғып бердім. Ал, сен талай қызықтан мақрұм қалған әйелсің. Сен өміріңді соған арнап жүріп талай дүниеден құр қалдың. Ал, ана әйел оны мақтап қойып, білгенін істей береді. Өйткені, өзін ,болашақта бағатын балаларын баққызып, өз тұрмысын жақсартуы керек. Мына сайқал заманның әйелі де сондай сайқал болады. Ал, сен болсаң ақымақ әйелсің!   

-Болды, жетер енді! Қажама мені сен сайтан! Құрт көзіңді, кет аулақ!

Дірілдеп, өн-бойы қалшылдаған әйел орнынан тұруға қарекет жасап еді, қол-аяқтарын жерге шегелеп тастағандай қозғала алмады. Астындағы орындықты сайтанға қарай лақтырмақ болып ұмтыла беріп, шалқасынан тағы құлады. 

Әдеттерінше түске қарай жиналып келген балалар ес-түссіз жатқан шешелерін қаумалай көтеріп, жатын бөлмесіне апарды. Бірі дәрігер шақыруға жүгірді. Әкелерінің телефоны өшірулі болып шықты. Әлдеқандай жамандықты сезгендей еді олар. 

Дәрігер ем-домын аяқтап бола: – ол қатты күйзеліске түскен, оны медицинада стресс деп атайды, содан талып қалған. Біраз уақыт тыныштықта ұстау керек,- деді. Шамалы уақыттан соң өз-өзіне келген аналары болған жайды баяндап берді балаларына. Түсі сұрланып кеткен кішісі:

-Шаңырақты шайқаған ол әйелді мен атып өлтіремін де, әкемді алып келемін,- деп тұра ұмтылды.

-Ойбай, қой құрысын! Одан әрі кетсін! Сенің басың бәлеге қалмасын! Қоя қой, қой, – деп жаны шығардай тіксініп, анасы айқайлады.

-Болмайды, күнаһарлардың жазасын Құдай өзі береді, сен қолыңды былғап қайтесің…, -деді үлкені.

-Енді көзімізге көрінбесін, «әке» демейміз,- деді қызы. 

Жан күйзелісі деген биологиялық құбылысқа санаң, денең, ойың, болмысың, жанарың, қозғалыс әрекетіңнің бәрінің қатысының бар екенін Күміс енді ұққандай. Ойында тек қана ол, бүкіл тұла бойы сол болғандай икемге көнбейді. Ешнәрсе ойлауға құлқы жоқ. Жанары күңгірт, солғын, қол-аяқ сананың бұйрығына көнбейді. Ілгері басқан аяқ кейін кеткендей. Сөйлер сөз таусылып, ертеңгі күннің шырағы әлсіз ғана жылтылдап сөніп бара жатыр.

Жасау-жабдығы келіскен өзінің хан сарайындай көретін үйі енді жат, жабырқау, сұр, көлеңкелі. Шетелден әкелген анау аспа шамдары көздің жауын алып, сан құбылып, жарқырап тұр. Соған неменеге жүгіріп, анау алыстан әкелдім?! Керегі не? Мынау дүниеден бір зат мұның күйзелісіне демеу бола ала ма? Жоқ, әрине… Сонда осы дүниенің бәрін не үшін жинаған?! Бұрын жатын бөлменің сәнін келтіріп тұратын жиҺазы, киім толы сөрелері де жүйкесіне тиді. Осының бәрінің қажеті қанша? Үлкен залда жиі бас қосатын қонақтардың жүздері келе қалды көз алдына. 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (29 оценок, среднее: 4,34 из 5)

Загрузка...