Зияш Телеуова

Страна : Казахстан

Я-журналист, творческой работой занимаюсь в течение 15 лет.Мои книги на родине печатается по гос програме .В 2018 году стала финалисткой международного конкурса.Являюсь членом Евразийской Творческой Гильдии.

Country : Kazakhstan

I am journalist engaged in creative work for 15 years.My books are printed in the state program at homeland.In 2018 became a finalist of the international competition.I am a member of the Eurasian Creative Guild.


Отрывок детектива “Маска”

                    Бірінші бөлім

                              1 Тарау

Кейіпкеріміз иін тірескен жолаушылармен қабаттасып автобусқа енді..Ит тұмсығы өтпейтін қалың орманды  жарғандай жағаласып, арт жаққа қарай жылжыды. Бүйрінен тесіп бара жатқан қатты соққыны ауырсынып бұрылғанда, арқасына  сөмке таңған оқушы алға қарай итініп барады екен.

        -Әй, балақай !–  иығынан қозғап, тоқтатты да,   сөмкесін жоғары көтеріп , қылдай  өткелден өткізіп жіберді.

            Енді   түзеле берегенде,  бұрын бір- екі рет сұхбат алған  тергеу департаментінің басшысымен бетпе –бет  келіп қалды :

–Саламатсыз ба, Райс Сапарұлы, мұндай көлікпен сіз де жүреді екенсіз ғой?!

–Журналистер жүргенде,  бізге неге жүрмейміз? Негізі  осындай көпшілік орындарда болу ,  бізге де, сізге де пайдалы.  

–Пайдасын білмеймін, жан-жақтан қысып барады..

–Қоғамдық көліктің проблемасы ешуақытта шешілмейді. Сіз сияқты жазғыштардан көмек болмаса…

–Газеттен кеткенмін.

–Дұрыс болмаған.Мақалаларың  ұнаған.

–Сізге ұнағанмен , шеф редакторыма ұнамады. 

Қалта телефонын құлағына тосқан  полковник:

–Көлігің от алды ма? Автобуспен жетіп қалдым,–Ал ,жігітім , аялдама ма келіп те қалдым, хабарласып тұр.–Қалтасынан визиткасын  алып ұсынды да,– асығыс түсіп қалды.

Аңсар  бос орынға сылқ етті. Қызық ,егер  көше сыпырушы екенімді білген болса, осылай емен -жарқын тілдесуге  құлықты болар ма еді ?! Неге сонша қобалжыдым? Маған бәрібір емес пе? Қылмыс жасаудан аманмын. Есіне  Шынар түсті. Күте-күте күдер үзген болар. Осы кез тұрағынан өтіп бара жатқанын байқап:

–Әй, тоқта..тоқта… – Ол жалма-жан есікке ұмтылды.

–Өй,  маубас,  ұйықтап қалдың ба?! – Ашумен  сыбап алған автобус жүргізушісі тежегісін қосып, қалт тоқтады. Бір- біріне соғысып, сапырлысып қалғандардың айқай –шуынан  құтылғанша асыққан жігіт баспалдаққа аяқ тіремей секірді де, алды-артына қарамай безе жөнелді..

Анадайдан арба сүйреп бара жатқан қызды көріп:

–Шынар..Шынар ..– деп дауыстады.

– Сізді келмейтін шығар дегем. Бригадир. –Ол ақсүйек мұндай жұмысты не істесін.  Басқа біреуді ізде ,– деп бұйырды.– Келетініңізге сенгем. 

–Автобусқа  әрең іліктім. Әкел, мен итерейін.

–Маскаңызды тақпайсыз ба?

–Тағам .Таныс полковникті кездестірдім. Соған алаңдап, аялдамадан өтіп бара жатыр екем. Жүргізуші де сазамды берді. Оны да түсінуге болады.Жүйкесі тозған ғой. Енді қозғала бергенде,  айқай салдым .

–Қалғып кеттіңіз бе?

–Жоға… ойға  түсіп кетіппін.

–Бері жүріңіз, арбаны ана контейнерге аудара салайық.

–Толған жоқ қой .

–Ендігісімен асады.

–Ана бір алаңды сыпырып алайық.. Түнгі қонақтар коко-коланың, сыраның    ыдыстарын , ципсидің қалбырларын , донердің орамасын қалай болса, солай лақтырып, астан-кестен етіпті. Қол созымдағы қоқыс жәшігіне салуға ерінеді.   

-Ресейде футболдан әлем  чемпионаты өткенде , Оңтүстік Корея мен Жапон жанкүйерлері  отырған орындарындағы қоқыс қалдықтарын өздері жинады.Біз де , келесі ғасырлар да солардай өркениетті елдердің қатарына  қосылатын шығармыз.

– Мүмкін.

             Қыз контейнерге  арбаны аудара беріп, шет жағындағы  ала дорбаны әрірек ысырмақшы болды да, көзі аларып,  кейін шегінді:

-Қа..ра..ңыз  .. ад..ам . өл..ігі.  

–Кәне.– Аңсар алға ұмсынды.

Қоқыс төгуге шыққан әйел  :

-Әй, не қарап тұрсындар!Ол не! Ужас..Адам өлтірген бе ? Жауыздар-ай… Бұл не деген сұмдық?!.Не сексиіп  қалдыңдар. Полиция ..Полиция шақырыңдар!–деп бажылдай жөнелді.

Ала сөмкенің ысырмасын әрең  жылжытқан Аңсар әр жерінен пышақпен тілінген өліктің денесін  көріп:

-Иә,  адам өлімі..–деп кейін шегінді.

-Ой,қанышерлер-ай..Тездетіп полицияға хабарласаңдаршы..

Жиналып қалғандар  абыр- сабыр.Қазір ,қазір.– Аңсар   полковниктің визиткасын алып, нөмірін терді де:.

Райс Сапарович , бұл  – Аңсар..–Жаңа ғана қалдық салатын контейнердің ішінен сөмкеге тығылған мәйіт табылды. Жедел топ жібересіз бе?

-Қай жерде? Адресін анықтап айт! Жіберем.Күт.

                                 ***

Жел күшейіп, жаңбыр сіркіреді.Дабыл қағып жеткен  полиция мен жедел жәрдем көліктеріне жол берген топ кейін серпілді. Тергеуші мен криминалист ала қапшықты  контейнерден шығарып, қылмысқа көздері жеткен соң, куәгерлерді шақырды.

–Сіздер ме , бірінші көрген,–деді   тергеуші қыз бен жігітке қарап..

–Иә, мен. –  Шынар алға аттады. –Қоқыс  салған арбаны төңкеріп жатқанда көрдім.

–Онда аты-жөніңізді жазып алайын.

–Жазып алыңыз. 

–Тұрғандар арасынан, тағы куә бар ма?  Қоқыс төгуге шыққан әйел алға ұмтылып:

–Бірінші  мен көргенмін… Шошынғаным сондай.  Сосын мына қыз.. ол Шынарға қарады. Ол–  осы айналаны сыпырушы.

–Жарар ,Сіздің аты-жөніңізді жазып алайын. Ал, қалғандарыңыз ,  тараңыздар. Үйлеріңде болыңдар.Тергеушілердің жауап алуы мүмкін.  Куәліктерін сұрайсындар.

– Бұл ауланікі болмауы мүмкін ғой.. Басқа жақтан әкеліп тастаса ше?

–Оны тексереміз. 

Полиция мен жедел жәрдем мәйітті алып кеткен соң, жиналғандар жөн-жөніне тарай бастады.

–Жап- жас екен.Кім өлтірді екен?– Шынар   әсерінен арыла алмауда.. 

–Кім білсін. Жігіті қызғанып өлтірген шығар,–деді Аңсар.

–Қызғанып өлтіре салуға бола ма?  

–Егер шын сүйсе, қызғаныш   қызыл шоқ.– Шынар, сен біреуді қатты ұнатып көрдің бе?.

–Жоқ. Сіз ше?

-Жоқ…

Осы кез қыз тыз еткен қалта телефонын құлағына тосып :

–Сізді бригадир шақырады ,–деді.

–Бармаймын.

–Қойыңызшы, қырсықпай, бұл жұмыстан да айрыласыз.

–Жұмыстан емес, сенен айрылғым келмейді. Жарайды, бір жолға барайын. Басқа жаққа жұмсаса ,бас тартамын.

–Қырсықпаңыз.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (4 оценок, среднее: 4,50 из 5)

Загрузка...