Райхан Имаханбет

Страна: Казахстан

Райхан Сахыбекқызы ИМАХАНБЕТ Год рожд.: 09.03.1967., Туркестанская область, Отрарский район. Выпускница КазНПУ имени Абая (1996). 1996-1998, 2005-2006, 2021-2022 годы. Руководитель и автор проекта «Научная концепция, тематический план экспозиции дома-музея Ахмет Байтурсынулы». В 2006 году защитил диссертацию на тему: «Биография и творчество Ахмет Байтурсынулы: на основе архивных документов». С 2008-2014 гг. доцент Университета международного бизнеса; С 2014 года по настоящее время и.о. доцента КазНУ им.Аль-Фараби; С 2019 года директор УМНИЦ «Тіл – құрал» Ахмет Байтурсынулы; С 2021 года заведующий Дома-музея Ахмет Байтурсынулы. Научные труды, монографии, учебники: 1. Пятитомное собрание сочинений Ахмет Байтурсынулы. – Алматы: Алаш, 2003-2006. (Составитель, главный редактор и автор научной концепции); 2. Человек века: Творческая биография Ахмет Байтурсынулы. – Астана: Педагогика ПРЕСС, 2010.-304. Автор; 3. Великой Учитель Нации (Справочный указатель). Научный сборник. Алматы: Сардар, 2010.-276+24 вкл., Автор; 4. Учитель нации. Документальный фильм. 32 минуты. 2010 По заказу Министерства культуры Республики Казахстан. (Автор проекта и научный руководитель); 5. Шеститомное обрание сочинений Ахмет Байтурсынулы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013.-Т. 1, 2, 3, 4, 5, 6:-384 б. 120 п.л. (Составитель, главный редактор и автор научной концепции); 6. Дом-музей Ахмет Байтурсынулы (История становления дома учителя нации А.Байтурсынулы: структура, развитие, систематизация, исследование). – Алматы: Онер, 2017.-288+32 вкл. Автор; 7. Ахмет Байтұрсынулы: фотоальбом. – Алматы: Орхон, 2017.-240. (Составитель, автор проектов и главный редактор, автор научных концепций); 8. Пять корифеев: Ш.Қудайбердиулы, А.Байтурсынулы, М.Дулатулы, Ж.Аймауытулы, М.Жумабай. – Алматы: Орхон, 2017.-100. Соавтор; 9. Ахмет Байтурсынулы. Энциклопедия. – Алматы: Казахская энциклопедия, 2017.-744. (Коллективная работа. Член редколлегии и автор научных комментариев); 10. Человек века: литературное произведение. – Алматы: УМНИЦ «Тіл – құрал» Ахмет Байтурсынулы, 2022.-400. Автор; 11. Учитель нации: Ахмет Байтурсынулы. Шесть серий. Научный консультант; 12. Приговор: Ахмет Байтурсынулы. 2 серия художественных фильмов. Научный консультант. Авторские свидетельства: Учитель великого народа. Литературное произведение / Ұлағатты ұлт ұстазы. Әдеби туынды. 02.02.2020. Человек века. Литературное произведение / Ғасыр саңлағы. Әдеби туынды. 05.05.2020. Ахмет Байтурсынулы и национальная литература. Научное произведение / Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттаным. Ғылыми туынды. 20.02.2020. Предки Ахмет Байтурсынулы. Научное произведение / Ахмет Байтұрсынұлының ата тегі. Ғылыми туынды. 05.09.2021. Государственные награды: Медаль «Ерен еңбегі» (№10865, 5/12.2017 г., Указ Президента РК); Юбилейная медаль «25 лет Конституции РК» (1969 г., 20/08.2020 г., Указ Президента РК); Юбилейная медаль «30 лет Независимости Казахстана» (№13688, 02/12.2021, Указ Президента РК).

Country: Kazakhstan

Raikhan Sakhybekkyzy IMAKHANBET Year of birth: 03/09/1967., Turkestan region, Otrar district. Graduate of Kazakh National Pedagogical University named after Abai (1996). 1996-1998, 2005-2006, 2021-2022. Head and author of the project “Scientific concept, thematic plan of the exposition of the house-museum Akhmet Baitursynuly”. In 2006, she defended her dissertation on the topic: “Biography and work of Akhmet Baitursynuly: based on archival documents.” From 2008-2014 Associate Professor at the University of International Business; From 2014 to the present, acting Associate Professor of Kazakh National University named after Al-Farabi; Since 2019, the director of “Til – kural” Akhmet Baitursynuly educational-methodical, scientific -research center ; Since 2021, the head of the Akhmet Baitursynuly House-Museum . Scientific works, monographs, textbooks: 1. A five-volume collection of the works of Akhmet Baitursynuly. – Almaty: Alash, 2003-2006. (Compiler, editor-in-chief and author of the scientific concept); 2. Century phenomenon: The creative biography of Akhmet Baitursynuly. – Astana: Pedagogy PRESS, 2010.-304. Author; 3. Noble Teacher of the Nation (Reference index). Scientific collection. Almaty: Sardar, 2010.-276+24 incl., Author; 4. Teacher of the nation. Documentary. 32 minutes. 2010 Commissioned by the Ministry of Culture of the Republic of Kazakhstan. (Author of the project and scientific adviser); 5. A six-volume collection of the works of Akhmet Baitursynuly. – Almaty: El-shezhire, 2013.-T. 1, 2, 3, 4, 5, 6: -384 . 120 p. l. (Compiler, editor-in-chief and author of the scientific concept); 6. House-Museum of Akhmet Baitursynuly (The history of the formation of the house of the teacher of the nation A. Baitursynuly: structure, development, systematization, research). – Almaty: Oner, 2017.-288+32 incl. Author; 7. Akhmet Baitursynuly: photo album. – Almaty: Orkhon, 2017.-240. (Compiler, author of projects and editor-in-chief, author of scientific concepts); 8. Five luminaries: Sh.Kudaiberdiuly, A.Baitursynuly, M.Dulatuly, Zh.Aimauytuly, M.Zhumabai. – Almaty: Orkhon, 2017.-100. Co-author; 9. Akhmet Baitursynuly. Encyclopedia. – Almaty: Kazakh Encyclopedia, 2017.-744. (Collective work. Member of the editorial board and author of scientific comments); 10. Century phenomenon: a literary work. – Almaty: EMSRC”Tіl – Kural” Akhmet Baitursynuly, 2022.-400. Author; 11. Teacher of the nation: Akhmet Baitursynuly. Six serials. Scientific consultant; 12. Condemnation: Akhmet Baitursynuly. Two series of feature films. Scientific consultant. Copyright certificates: Noble teacher of the nation. Literary work / Ulagatty ult ustazy. Adebi tuyndy. 02.02.2020. Century phenomenon. Literary work / Gasyr sanglagy. Adebi tuyndy. 05/05/2020. Akhmet Baitursynuly and national literature study. Scientific work / Akhmet Baitursynuly zhane ulttyk adebiettanym. Gylymi tuyndy. 02/20/2020. Ancestors of Akhmet Baitursynuly. Scientific work / Akhmet Baitursynulynyng ata tegi. Gylymi tuyndy. 09/05/2021. State awards: Medal “Eren Engbegi” (No. 10865, 5/12.2017, Decree of the President of the Republic of Kazakhstan); Jubilee medal “25 years of the Constitution of the Republic of Kazakhstan” (1969, 20/08.2020, Decree of the President of the Republic of Kazakhstan); Anniversary medal “30 years of Independence of Kazakhstan” (No. 13688, 02/12.2021, Decree of the President of the Republic of Kazakhstan).

Отрывок из  non-fiction Райхан Имаханбет “Ғасыр саңлағы”  

АҢДАТУ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ! Ардақты да аяулы есімді бұл күні білмейтіндер некен-саяқ. Өйткені, ұлттығымыздың айғағы туған тіл туралы сөйлесек, Ахметтің ардақты есімі қатар айтылады. Оны айтпасқа құқымыз жоқ. Себебі, қазақтың төл тіліне ғылыми жүйеде түрен салып, негіздеуші – АХМЕТ! Тізбелеп көрейікші: Біріншіден, ХХ-ғасыр басында жетілген жұрт тілінің жетегінде адасқан алаштың әліпбиі мен әліппесін ұлттық болмысқа ылайықтап түрледі, түзді. Дәлел 1912-ші жылы Орынборда жарық көрген Оқу құралы: қазақша әліппе кітабы; Екіншіден, жұртымыз орыс патшалығына бодан болып тұрғанда «қырғыз» атанған ұлтына  Қ А З А Қ  деген төл атауын қайтарды. Дәлел Орынборда 1913–1918-ші жылдары жарияланған «ҚАЗАҚ» газеті; Үшіншіден, Қазан төңкерісімен келген «Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!» дейтұғын бейнетқорлар көсемі Лениннің бұқараға беретін теңдігі кезінде ұлтының дербес ел болуы үшін шекарасы анықталған автономия әперді. Дәлел Орынбордың 1920–1924-ші жылдары қазақ елінің рухани ордабасы болуы. Тізе берсең, ұлт алдында тарихи істері таудай, теңдессіз тұлға, кемел ер КІМ?! Әлбетте Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ! ХХ-ғасыр басында ел мүддесі үшін күрескен тұлғаны замандастары «Қазақ халқының көсемі», «Ұлттың ар-ұжданы» деп ұлықтап, есімін тура атамай, «АЛАШТЫҢ АХАҢЫ» деп дәріптеген. 

Ағартушы-күрескердің есімін жылдар бойы айтқызбаған кеңестік жүйе «бір уақыттары өзі даттаған тұлғаны, 1988-ші жылы қарашаның 4-і күні өзі ресми ақтады». Он бес республиканы иіріп «өз дегенін» істеткен Кеңес Одағы келмеске кетті… «Дүние – кезек» деген бабалар нақылы ақиқатқа айналды. Ұлт жұмысын арымен атқарған Ахметтей данадан қалған мол мұра артындағы еліне ырыздық болғанын уақыт өзі екшеп, тарих таразы безбенге салғанын көз көрді. Қазаққа ғана емес, бүкіл түркі елінің мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына танымдық тұрғыдан зерттеу жүргізу – ұлт тіліне мәртебе алған тарихи кезең 1989-шы жылмен тұспа-тұс бірге келді. Бұл кездейсоқтық емес, ғажап үндестік еді. Ұлт жері мен ел дербестігі, тілі мен тіні, діні мен ділі үшін «малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген кемел ер халқымен қайта қауышқанына – 34 жыл болды! Еліміздің дербестігімен бірге Ахметтің екінші өмірі тарих шежіресіне мәңгілікке жазылғанына барша адамзат куәміз. 

Ұлт ұстазының 50 жылдық мерейтойында рухтас замандасы Мұхтар Әуезов: «…қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ахаңның қызметі қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет. Істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіші – мәңгілік ескерткіш» деген екен. Заңғар әрі сұңғыла жазушының көрегендігіне тәнтіміз!

Тәуелсіз мемлекет болып танылған Қазақ елінің өткені, бүгіні, келешегі туралы айшықты ойлар, келелі пікірлер Алаш Арыстары мұрасына тиісілі. Халқымыздың іргелі ел болып қалыптасуында ерен еңбек еткен ардақты тұлғалардың есімдері мәңгілікке жазылып, Отан тарихынан орнын алды. Жүзжылдықтар тоғысында егемен елінің тарапынан Қазақ тіл білімі мен ұлттық әдебиеттану ғылымын негіздеуші Ахмет Байтұрсынұлы «АНА ТІЛДІҢ АЙБАРЫ» медалі һәм «ҒАСЫР САҢЛАҒЫ» алқа белгісімен марапатталды. Бұл ұлықтаулар мемлекеттік емес, дербес мекемелердікі. Осы 2022-ші жылы UNESCO деңгейінде 150 жылдығы тұңғыш рет аталып отырған кемел тұлға Ахмет Байтұрсынұлына мемлекетіміздің ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi – «Алтын Қыран» орденi немесе «Халық қаhарманы» атағын беру әбден ылайық. Мұны ел басшысы мен үкімет билігі ескереді деп үміттенеміз. Халқы үшін құрбан болған Алаштың Ахметін ұлықтау – перзенттік парызымыз. 

Ғалым есімі оралғаннан бері, шығармалары бірнеше дүркін басылып, ұлттың көзайымына айналды. Мәселен, ғалым мұрасына қатысты тіл, әдебиет, тарих, заң, көсемсөз, философия, педагогика, психология т.б. мамандықтары бойынша 60-қа жуық кандидаттық, 30-дан аса докторлық диссертациялар қорғалды. Әлбетте, бұл жазылған зерттеулер біліктілігі жағынан қарастырылған салалары бойынша толық меңгерілген тақырыптар екені даусыз. 2006-шы жылы қорғалған кандидаттық зерттеуім бойынша тұлғаның өмір жолы, шығармалары туралы «Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны» атты монография 2010-шы жылы жарық көрді. Кітапта ғұламаның өмірі, мұрасына қатысты танымдық мақалалардан бастап, ұжымдық және жекелеген зерттеулердегі ой-тұжырымдар, пайым-пікірлер зерделенді. Әлбетте, зерттеу ғұламаның шығармашылық ғұмырнамасын қамтыған алғашқы не соңғы еңбек емес. Алаш арысының тауқыметті тағдыры ұрпақ ауысқан сайын талай тақырыпқа өзек болары анық. Келешек ұрпақтың ҰЛТ ҰСТАЗЫ болмысына қайта оралып, өркениет талабы тұрғысынан қайта қарап, қалам тартары хақ! Ұлттың маңдайына біткен болмысы бөлек Ахметтің ұшқыр арманын жүзеге асырған тарихи құбылыс екенін, оны «АЛАШ КӨСЕМІ» деп дәріптеген замандастарының таным-пайымы бойынша ғұлама ғибратының өміршеңдігін ұрпаққа таныту еді. 

Бұл кітапқа тәуелсіз ұрпақтары 1999-шы жылы марапаттаған алқа-белгі атауы беріліп, аты айтып тұрғандай, ағартушының ұлт жұмысын арымен атқарудағы саңлақтығы сараланып, келбеті кестеленді. Бала Ахметтің қазақтың кең сахара даласында бабалар даналығынан тәлім-тәрбие алуымен қатар, қазақ елінің алпауыт орыс мемлекетіне бодандығынан бастап, кешегі «1937»-нің зұлматында саясат құрбаны болған «қаралы күні» мұрағат (архив) деректері негізінде қарастырылды. 

«Қазақ» газетінің көсемсөздегі көшбасшы болғандығын бүгінгі ұрпақ та келешек ұрпақ та ұмытпауы тиіс. Аумалы-төкпелі кезеңде өзге озық жұрттың тіліне ермей, өзіндік төте жол тауып, бұратана ұлтының санасын ояту үшін ағартушы-күрескер: «…газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Ғұламаның бұл ғибраты бүгінгі ақпараттық жүйенің заманауи талабының да ұстанымына айналып отыр. Ахметтің болмысына қатысты 1909-шы жылдан бастап жазылған түрлі мақалалар негізге алынып, олар қажетіне қарай талдап-таратылды. Сонымен қатар, кеңес пен тәуелсіздік тұсында айтылған тұжырымдар, жекелеген жинақтардағы ой-пікірлерлерге шолу жасалды. Кітапта Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық кітапханасы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қорларынан алынған құжаттардың көшірмелері, деректі құжаттар мен тарихи сүгіреттердің түпнұсқаларының төлкөшірмелері берілді. 

Бұл күні тұлғаның мұрасын зерделеп, кемеңгердің кемел ілім-білімін ұрпаққа таныту мақсатында жазылған зерттеулер легі жетерлік, тіпті жылдан-жылға толыға түсуде. Жарық көрген еңбектерді хронология тәртібімен баяндасақ, әдебиеттанушы Р.Нұрғали (Ахмет Байтұрсынұлы. 1990.-32 б.), тілші Р.Сыздық (Ахмет Байтұрсынұлы. 1990.-52 б.), тұлғаның немере інісі С.Кәкішев (Ахаң туралы ақиқат. 1992.-112 б.), өзбек елінің қазақ ғалымы М.Джусупов (Ахмет Байтұрсын және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. 1992.-216 б.; Фонемография А.Байтурсынулы и фонология сингормонизма. 1995.-176 б.;), физик М.-Х.Сулейманов (Яркий носитель духа человечности. 1997.-18 б.), көсемсөзші Ж.Байтелесова (Публицистика А.Байтурсынулы. 1998.-78 б.; Роль публицистики Ахмет Байтурсынулы в формировании общественного сознания. 2002.-132 б.), тілші Ш.Жалмаханов (Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ лингвистикасы терминдерінің негізін салушы. 1997.-68 б.), әдіскер-тілші А.Қыдыршаев (Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы. 1998.-132 б.), жазушы Б.Ілияс (Алтын бесік: Ахмет туған өлке хақында. 1998.-260 б.), педагог Б.Иманбекова (Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұраларын колледждерде пайдаланудың жолдары. 2000.-130 б., Ахмет Байтұрсынының тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие жүйесінде пайдалану. 2002.-150 б.), педогог Қ.Ыбырайжанов (Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұралары. 2001.-150 б.), көсемсөзші Н.Бектемісұлы (Ахмет ұшқан ұя. 2001.-128 б.), жазушы Қ.Сәрсекеев (Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі жайлы ой-түйін. 2003.-80 б.), әдебиетшілер А.Әбсадықов, Н.Исина (Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұралары. 2003.-144 б.), философ Қ.Ашекеева (Ахмет Байтұрсынұлының философиялық көзқарастары. 2003.-129 б.), ақын әрі ғалым С.Оспанұлы (Ахмет өскен ақындық орта. 2004.-204 б.), тілші Қ.Ибраймов (Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі терминология және стилистика мәселелері. 2005.-119 б.), әдебиетші Р.Имаханбет (Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы: мұрағат құжаттары негізінде. 2006.-130 б.; Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны. 2010.-304 б.), әдебиетші Ө.Әбдиманұлы (Ахмет Байтұрсынұлы: зерттеу-эссе. 2007.-296 б.; Ахметтану: оқу құралы. 2015.-273 б.), әдебиеттанушы Ұ.Еркінбаев (Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде. 2007.-125 б.; «Әдебиет танытқыштың» теориялық негізі. 2008.-136 б.), жазушы Т.Жұртбай («Ұраным – Алаш!», 3 кітап. 2008.-472 б., 2011.-464 б., 2012.-648 б.), түрік ғалымы, тілші Н.Бірай (N.Biray. Ahmet Baytursınulı şiirleri üzerinde dil ve üslup incelemesi. 2011.-446 v.), мемлекеттік қайраткер К.Мәсімов (Судьба Учителя/Ұстаз тағдыры: Ахмет Байтұрсынұлы. Үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын. 2011.-340 б.), әдебиетші Г.Абитова (Ахмет Байтұрсынұлы жариялаған «Ер Сайын» жырының поэтикасы. 2012.-115 б.), жазушы А.Ахетов (Властелин духа: роман. 2015.-256 б.), тілші-ғалымдар: М.Джусупов, Қ.Ибраймов (Ахмет Байтұрсынұлы: ғылымтаным, терминжасам, стилистика. 2015.-215 б.), тарихшы Г.Тұрғараева (Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. 2015.-258 б.; Ахметтің тағдыр толқыны. 2021.-317 б.), ақын С.Тұрғынбекұлы (Ахмет – Іңкәр: Ғашықтар дастаны. 2016.-100 б.), әдебиетші А.Ойсылбай (Ахмет Байтұрсынұлы: «Әдебиет танытқышындағы» қазіргі әдебиет теориясы. 2015.-200 б.; А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышындағы» сөз өнері мен поэтика мәселелері. 2016.-288 б.), орыс ғалымы, тарихшы Т.Тугай (Оренбурский путь Ахмета Байтурсунова. 2017.-118 б.), мұратанушы Р.Сахыбекқызы (Ахмет Байтұрсынұлы: фотожинақ. 2017.-240 б.; Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі: құрылымы, дамуы, жүйеленуі, зерттелуі. 2017.-288+32 ж.б.) және т.б. Сонымен қатар, тарихшылардың кең тақырыпта қарастырған ғылыми зерттеулері бір төбе. Бұдан бөлек академик-ғалымдар: М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, З.Ахметов, З.Қабдолав, Р.Нұрғали, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, К.Сағадиев, М.Қойгелдиев, М.Жұрыновтардың мақалалары бар. Ақиқатында, тұлғатану һәм мұратану мәселелері бойынша ахметтану тақырыбына жазылған барлық зерттеудің маңызы зор. 

Бұл әдеби туындыда 2010-шы жылғы зерттеудегі ой-толғамдар кейіннен табылған деректер мен жаңадан жазылған еңбектердегі мәліметтерді зерделеу арқылы толықтырылды. Кейбір еңбектердегі «жаңсақ пікірлер мен қате қағидалардың» әлі күнге қайталануының себеп-салдарларына үңіліп, мұрағат деректері бойынша ой-тұжырымдар жасалды.

Қазақта «адасқанның алды – жол, арты – соқпақ» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі тәуелсіздік кезеңнің ғылымында қалыптасқан ұлттық ғылымның алтын ғасыры – ахметтануда соқпақ бола алсақ, бұл әдеби зерттеудің діттеген мақсатының зая кетпегені.

Жоғарыда аталған туындылар қатары толыға түсуде әрі жалғаса берері анық. Мәселен, тарихи тұлғаның 150 жылдығына арналған сан алуан жинақтардың жарыққа шыға бастауы соның дәлелі. Атап айтсақ, қостанайлық ғалым Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» атты екі тараулы кітабы Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының қолдауымен жарық көрді. Ұлт ұстазының мұрасын насихаттау үшін ТҮРКСОЙ ұйымы Ыстамбұл мен Анкара қалаларында Ақпанның 14–17-сі аралығында «Қазақ тіл ғылымына тарихи шегініс» атты халықаралық конференция өткізді. Аталмыш жиында тұсауы кесілген «Ұлт ұстазы» кітабы оқырмандарға жол тартты. Қазақ елінің жаңалығына бірінші болып қуанатын Түрік жұртшылығы адамзатқа үлгі болар өнегелі өмір иесі – Ахмет Байтұрсынұлына арналған салтанат шымылдығын алғашқылардың бірегейі болып ашты.

Ал, өз атамекенімізде Ақпанның 25-і күні Алаш Ардақтысын ұлықтау рәсімі Елорда төрінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында бастау алды. 

Негізінен, Байтұрсынұлын тану, оның мұрасын оқыту арқылы – ХХ-шы ғасыр басындағы бүкіл қазақ болмысын, сол кезеңдегі ұлт-азаттық идеяның жетекші рухани күшке айналғанын танып білуге мол мүмкіндік беретіндігі ғылыми тұрғыдан сарапталды. 

Қорыта айтқанда, ғұламаның бүгінгі егемен елі тарапынан «Ана тілдің айбары» белгісімен марапатталуы, «Ғасыр саңлағы» деп жариялануы тарихи тұлғаның ҚАЗАҚ деген өскелең ұрпағымен мәңгі жасайтынының кепілі екендігі ақиқат айшығы аясында айқындалды. Шындығында, кітапқа жазылғанның сана таразысы, ол – оқырман. Ендеше, алдағы айтылар сөз сарасы – оқырман сіздің еншіңізде.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (10 оценок, среднее: 4,20 из 5)

Загрузка…