Шахаризат

Страна: Казахстан

Кумарханова Айнур родилась 10 Марта 1983 года в селе Жетижар Бескарагайского района Восточно-Казахстанской область.С детства пишет стихи.Переводил на казахский язык произведение русских, немецких, французский классиков.


Country: Kazakhstan

Ainur Kumarkhanova was born on 10 1983 in the villaqe of Zhetizhar Beskaraqay district of East Kazakhstan reqion.


Отрывок из “Жылаған ата үңгірі жайында аңыз”

1 Абай жайлы толғаныс.

Ой мен ақын

монолог

Еркіме жібер сен мені,

Тұңғиық ойдың қақпаны…

Тіршілік мынау мендегі

Беймәлім күйдің апаны….

Несіне мені қамайсың

Жазылар күннің дастаны…

Бұралқы итше талайсың

Аңдышы бар да, басқаны…

Сен менен нені күтесің..

Еркіме жібер, саспайын..

Еш қамсыз жүріп,НАДАНША

Ойсыз бір өмір бастайын…

Жылаған үшін керең боп,

Пенделік сенен аспайын

Жамандық сезссем соқыр боп

Көзімді байлап тастайын

Әділетсіз мынау қоғамға,

Әділеттің нұрын шашпайын…

Еркіме жібер қиялым,

Келгенше қолдан, ластайын

Ешкімге жаным ашымай,

Жүрексіз қатып қалайын!

Айналамды тас мүсін-

Ретінде тұрып бағайын!…

Дедім де, жаттым орныма,

Мазақтап ойым күледі…

«Дегенің сенің болды ма,

Тыңдайық не дейді жүрегі?»…

Түн, маңай тағы тыныштық,

Шырылдайд кейде шегіртке.

Ойларым жатыр ұрыс қып,

«Тірліктен бізді жерітпе!»

Жолаушы болып шық жолға,

Бойыңды еркін сергітте!

Осынау мына сапарда,

Нәпсіңе мүлдем көндікпе!

Ақ пенен қара жігін тап,

Білімнің кезіп сарайын…

Пенденің іші тығылмақ,

Жарқырау керек маңайың

Еркіме жібер дегенмен,

Сен мені ойым байладың….

Жылаймын, кейде күлем мен

Қайдамын деймін, қайдамын?

Босауым менің мұң болды,

Тигелі тілге таңдайым…

Ойларым маған жыр берді,

Асылын тартты балдайын,

Баурап ал, баура қиялым,

Сөйле түс, сөйле қызыл тіл….

Мен саған сезем сиямын,

Тоқтайсың қашан өзің біл!…

Жанымның артқан вулканын

Тежеуге сәл бір күш бер де…

Соқсаңшы жүрек буырқанып,

Ойларым тәлкек еткен де…

Басымды керген ойларды,

Осылар болса ұтқаным….

Шежіре шертіп кетейін

Құрт бәрін, болды, құрт бәрін…

2 Абай мен Пушкин

диологі.

Абай;

Мал баққан қазақ қырдағы,

Беймәлім кейбір сырлары

Саһара кезген қоңыр үн

Әуелеп көкте тұр ма әлі?!….

Қолында қоңыр домбыра

Үстіне жауып бешпентін,

Ақ сүйек іздеп дабыра

Қызықты өмір кешкен кім?…

Ошағы түзде қайнаған

Қызық пен думан айналам

Көкпарға құмар сал жігіт

Керегін ерте сайлаған..

Даланың еркін тағысы ол,

Еркінсіп желмен жарысқан!

Осындай жерде ақынның,

Жүрегі жырмен табысқан…..

Пушкин;

Біздегі өмір бөлек тым,

Өнерге білсең керек кім?!

Салынған тастан үйлері

Мырзалар анау өр екпін…

Сызданған жүздер тәкәппар,

Елемейтіндей сені ешкім

Алтын мен мансап маңызды

Бейнесі сынды балеттың….

«Балдары» бар ғой мырзаның,

Ішіне қонған желеттің…

Билейді қыздар ырғалып,

Етегін ұстап көйлектің…

Сендерде көкпар, бізде не

Орыстың бар ғой дуэлі…

Шалжауыр байлап іргеме

Сайқал бір намыс күледі….

Есіңде болса «Онегин»,

Соңында жасып жігері….

Оқыған бұны кім болсын

Дәстүрін русьтың біледі…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (5 оценок, среднее: 3,60 из 5)

Загрузка...