Сауле Досжан

Страна: Казахстан

Досжан Сауле Магазбеккызы родилась 2 сентября 1959 года.
В 1987 году окончила факультет журналистики Казахского Государственного Университета.
В 2006 году окончила юридический факультет Центрально-Азиатского Университета.
Награды:
2001 год – «Лауреат премии имени Ануара Байжанбаева» Союза журналистов Казахстана в связи с 10-летием Независимости Казахстана.
2002 год – Гран-при совместного конкурса Парламента РК и Министерства обороны «Ел қорғаны».
2006 год – юбилейная медаль «ҚР Парламентінің 10 жылдығы».
2009 год – нагрудный знак «Мәдениет қайраткері» Министерства культуры РК.
2010 год – Гран-при по поэзии на республиканском конкурсе НДП «Нұр Отан» «Елім деп соққан жүрегім».
2011 год – третье место на республиканском поэтическом состязании (мушайра) «Тәуелсіздікке тарту».
2011 год – присвоено звание «Почетный гражданин Уйгурского района» Алматинской области.
2013 год – второе место на поэтическом состязании (мушайра) «Жайна, жаса Астана», посвященном 15-летию Астаны.
2014 год – призер радиофестиваля «Әскери әндер» за произведение «Сарбаздар маршы».
2015 год – юбилейная медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы».
2015 год – Указом Президента РК присвоено звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
2016 год – юбилейная медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл».
2016 год – победитель номинации «Үздік ақын» на форуме «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР», посвященном 25-летию Независимости страны.
2017 год – призер, 3 место номинации «Проза» международного литературного конкурса OEBF 2017(UK)
Член Союза писателей и Союза журналистов Казахстана.

Творчество:
2000 г. «Жыр тәж» (поэзия) / издательство «Атамұра»;
2006 г. «Үшінші есіктің құпиясы» (проза) / издательство «Қазақпарат»;
2008 г. «Жатқа туған бала» (проза) / издательство «Фолиант»;
2011 г. «Арман қала» (поэзия) / издательство «Қазығұрт»;
2013 г. «Үлкен үйдегі үрей» (проза) / издательство «Жазушы»;
2014 г. «Құдіретті қалам иесі» (проза) / издательство «Фолиант»;
2015 г. «Менің жалғыз серігім» (поэзия) / издательство «Дәстүр»;
2016 г. «Өгей жүрек» (проза) / издательство «Фолиант»;
2018 г. «Үлкен үйдегі үрей» (проза) / издательство «BRK Press»;
«Когда женщина заложница» (проза) издательство Профи Медиа
« The tragedy of a bastard ( prose) publishing house «Hertfordshire
Press»
2019 г. «Қасірет пен тағдыр» (проза) / издательство «Фолиант»;

Автор мультфильма «Маймақ қаз» и текстов около 20 песен.


Country: Kazakhstan

Saule Doszhan was born on September 2, 1959.
She graduated from the Kazakh State University Journalism Faculty in 1987 and Law Faculty of the Central Asian University in 2006.
AWARDS:
2001 – Winner of “Anuar Baizhanbayev Prize of the Union of Journalists of Kazakhstan” for the 10th anniversary of Independence.
2002 – Received the Grand Prix of the “National defender” competition, which was co-organized by the Parliament and the Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan.
2006 – Awarded the jubilee medal “10 years of the Parliament of the Republic of Kazakhstan.”
2009 – Awarded with the “Cultural luminary” medal by the Ministry of Culture.
2010 – Won the national contest in the genre of in the national “My country, my heart” poetry contest organized by the Nur Otan National Democratic Party.
2011 – She won third place in the “Call for Independence” National Poetry Contest.
2011 – Named “Honorary Citizen of Uigur district of Almaty region.”

2013 – Won the second prize at the jubilee song contest “Shine, New Astana” dedicated to the 15th anniversary of Astana.

2014 – Won the “Military songs” competition at the radio festival with her song “March of the soldiers.”
2015 – Awarded with the “20 years of the Assembly of People of Kazakhstan” medal.

2015 – Awarded the title “Honored Worker of Kazakhstan” by the Decree of the President.

2016 – Awarded the “25 years of Independence of the Republic of Kazakhstan” medal.

2016 – Winner the “The Best Poet” nomination in the
“Independence.Literature Writer” Forum dedicated to the 25th anniversary of Kazakhstan’s independence.

2017 – Won third place in the prose category at Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017 (Sweden) for her book “ My Own Strange Heart.”

2018 – won First Prize in the National “The capital – bulwark of the nation” Poetry Contest dedicated to the 20th anniversary of Astana.

She is a member of the Writers’ Union of Kazakhstan and the Union of Journalists.
Works:
2000 “Jyr Crown” (poetry) / Atamura publishing house;
2006 “The secret of the third door” (prose) / Kazinform publishing house;
2008 “Baby born to the womb” (prose) / Foliant “publishing house;
2011 “Arman kala” / (poetry) Kazygurt publishing house;
2013 “Fear in the Great House” / Zhazushy publishing house;
2014 “Master Almighty Pen” (prose) / Foliant publishing house;
2015 “My only partner” (poetry) / Dastur publishing house;
2015 “ My own strange heart” (prose) / Foliant publishing house;
2016 “My own strange heart” (prose) in Russian / Foliant publishing house;
2017 “Sagynysh” (Prose)/ Hertfordshire Press, London
2018 “The Tragedy of a bastard”” (prose) /Hertfordshire Press, London
“Fear in the Great House” (prose) «BRK Press»;
“When a woman is a hostage” (prose) Profi Media.
2019 “The tragedy and the fate” (prose) Foliant publishing house
Author of “Maimak kaz” cartoon and about 20 songs.


Отрывок из “Ауылдан шыққан миллионер”

Ол туылғанда әкесі «атын «Жомарт»,- деп қоямын» деді.

Анасы: «Ой, әкесі, жомарт болу үшін алдымен бай болмай ма, колхоздың қойын баққан әкесінен қалатын байлығы жоқ, ол кімге несін беріп жомарт болады. Одан да «Байбол» қойсаңызшы, алдымен бай болсын»,- деп қарсыласты.

Еркектің аты еркек, ауылсәбетке барды да метіркесіне «Жомарт»,- деп жазғызып әкелді…

… АДАМҒА КЕРЕГІ – АРМАН

  • Тәте, жылдан-жылға тұрмыстық техника елге өте қажет болып жатыр. «Миксер» деген нәрсе бар, онымен қыздар асханада неше түрлі тамаққа керек қосымшаларды шайқап, талқандап, үгітіп алады. Бұрын қолмен жасалғанның бәрін бес минутта әзірлеп береді. Су жылытқыштар болады. Су себезгісі бар, қол жуатын жерге ыстық суы дайын, ваннаға ыстық суы дайын, асханаға қойса үнемі ыдыс жууға ыстық су дайын. Оны тоққа да, газға да қосуға болады.  «Қысқа толқынды пеш»,- деген де ауылға өте қат нәрсе, асыққанда тамақ ысыта саласың, сүт жылыта қоясың, ештеңені күйдірмейді екен. Үтік, тоқ шәйнектер, қол ара, тескіш тоққа қосылатын, тағы басқа үйге керек-жарақтарының бәрін әкеліп қойсақ. Жәркентте үлкен базар бар дейді, Қытайдан бірден алып шығатын тауар сататын. Сіз енді Шонжыдағылардан үстеме ақшамен алғанша тікелей сол жерден көлік жалдап әкелсеңізші. Біз мұнда сата береміз, сіз жеткізіп отырыңыз,- деген идеясын ортаға салды.

Жап-жас баланың айтқандары Роза тәте мен Жанаркүлге ұнай кетті.

 Шындығында тұрмыстық-техниканы ауылдағылар аудандағы базарға тапсырыс беріп алдырып жатыр. Неге өздерінің дүкенге әкеліп қоймасқа.

  • «Киім-кешектен» техникаға бір бұрыш ашайық, мен сата берем- деп Жанаркүл белсенді.
  • Әзірге сөйтейік, күн жылығанда ана бос жатқан жерден үлкен бір зал қосайық. Сонда тек техника қояйық. Теледидар, тоңазытқышы жоқ отбасылар қаншама,- деп Жомарт тағы бір тіршілік тауып алды өзіне.
  • «Жас келсе – іске»,- деген осы. Сенің қиялдарыңның бәрі шетінен орындалып келеді,- деп қуанды Роза тәте.

Бұлар осылай қиялдап отырғанда тық-тық деген дыбыс шықты.

  • Бұл не?,-деп елең етті Роза.
  • Кешелі бері анда-санда осылай бірдеңе тықырлайды,- деді Жанаркүл. Жомарт та құлағын тіге тыңдап қалды. Бөлменің ішін шарлап ары-бері жүрді бұрыш-бұрышына барып. Тағы тықылдады.
  • Батареядан шығады. Қабдеш аға отты үзіп алды ма екен?,- деп босағада ілулі тұрған күртешесін құшақтай Жомарт далаға кетті.

Үйдің арт жағындағы отжағатын бөлмеге келді. Қабдеш аға деген азамат пеш алдында күйбеңдеп жатыпты.

  • Ассалаумағалейкүм!,- деп амандасқан балаға қарауға шамасы жоқ:
  • Әліксалам!,- деді де пешке бір шелек көмірді қопара салып бұрылды.
  • От тоқтап қалды ма?,- деді Жомарт жан-жағына қарап, жоғарыға ілінген су құйғышқа мойнын созып.
  • Жоға! Үзбей жағып тұрмын ғой, кешелі бері бірдеңесі тарсылдайды,- деді от жағушы.
  • Неден болуы мүмкін?,- деді Жомарт.
  • Қайдан білейін?! Мен тілін білмейді екем, менікі тек от жағу ғой,- деді беті-ауызы күйе-күйе, малақайы милығына түскен аға.
  • Аға, мен де түсінбеймін, қазір барып Ақылбек ағаны алып келейін, сіз отты тым көп салмай тұрыңыз,- деп шыға жөнелген Жомарт Ақылбектің үйне қарай тартты.

Шағын «Көлік жөндеу орталығының» қақпасын айқара ашып тастап жанында бір жігіт бар Ақылбек бір мәшиненің қақпағын қайырып қойып екеуліп үңіліп жатыпты. Баланың сәлемін бұрылмай ауызша алды. Жомарт жағдайын асығыс түсіндірді. «Мән-жайды бара көрейік,- деген Ақылбек өз көлігін от алдырды да Жомартты салып алып дүкенге келді. Қабдеш аға  екеуінің алдынан құлдыраңдап шығып, білгенін айтуда. Ақылбек бірден отжағар бөлмеге келді. Астына басқыш қойып су құятын бөшкесіне үңілді де «Ойбай!»,- деп басын жұлып алды.

  • Не болды?,- десті төмендегі екеу.
  • Мынада су жоқ қой, бетім буға күйіп қала сақтады.
  • Онысын қайдан білейін, дүкен суып кетпесін деп өртеп жатырмын ғой,- деді момын Қабдеш аға.
  • Көмірді қашан салдыңыз соңғы рет?,- деп Ақылбек түсіп келе жатты.
  • Ішіндегі суы буға айналып кетіпті. Содан құрғақ батареялар тарсылдап кетеді. Ертеңге қалғанда атыла бастайтын еді,- деді де Жомартты пен Қабдеш ағаға су тасытып, өзі бөшкеге шелектеп құя бастады.

Еркектердің абыр-сабырына Роза тәте жүгіріп келді. Жағдайды естіп:

  • Астапыралла! Құдай сақтаған екен!,- деп қорқыныштан тана көзі бақырайып, бір шелекті ала салып суға жүгірді.

Бәрі жабылып, бөшкені толтырып, одан Қабдеш аға отын қайта жағып, Ақылбек батареяларға еніп кеткен желін шығарып әбігерге түсіп жатқанда қас қарайды. Жарылып кете сақтаған батареялары жөнделіп, көңілі жайланған Роза дүкенге қарай асығып келе жатып итіне шалынды.

  • Барыс, аяққа орала бермей кетші әрі!,- деп итеріп жіберіп ішке кіріп жарық жақты. «Осы Жомарт болмаса менің күнім не болады?»,- деп қояды өзіне-өзі.

Қыс ызғары ширыққан соң Роза тәте Жомарттың идеясын орындап, «Миксер»,  «Қысқа толқынды пеш», тоқ шәйнек, шаш бұйралағыш, сақал алғыш сияқты ұсақ-түйек техника алып келіп бұрыш ашып қойды. «Алдымен көрейікші»,- деп қойғаны бір жетіге жетпей сатылып кетті. Содан Жомарт Жанаркүлге:

  • Келгендерден «тоңазытқыш, теледидар, музыкалық орталық сияқтылар керек пе ?»,- деп сұрап тізім жаса,- деп тапсырды. Аптаның соңына дейін оншақты адам тапсырыс берді.
  • Ал, тәте, енді Жаркентке тартыңыз, жұрттың тапсырысын әкелуге деп қуанып үлкен жолға шығарып салды.
  • Осындай ойлар саған қайдан келеді?,- деп Роза тәте риза.
  • Сауда жасау үшін алдымен елге не керегін білгеніміз жөн ғой,- деді де қол құлғап қала берді.

Үш күннен соң Роза тәте «КамАЗ»,- деген үстін берзентпен жапқан дәу жүк көлігінен домалаңдап түсіп жатты. Жомарт жолдастарын жинап алып ауылға бірінші рет келген техникаларды түсіріп, дүкен ішіне кіргізіп алды. «Розаның дүкеніне теледидар, тоңазытқыш келіпті»,- деп құлақтанған халайық тізімдегі тапсырыс бергендерді шақырғанша қаратпай, алғашқы партияны «пышақ үсті»,- дегендей талап әкетті.

Ел іші тыныш жатсын ба?! Аудандағы салық комитетінде істейтін жақынына біреу, «біздің ауылдағы Роза деген әйелдің дүкені өкіртіп сауда жасайды. Бұрын бір кішкентай бұрыш еді, екі жылдан бері екі үлкен бөлмені толтырып тастады. Жанында мектепте оқитын бір жетім бала бар, соны құлша жұмсайды»,- деп жеткізіпті. Аяқ астынан екі еркек, бір әйел сау етіп аудандық салық бөлімі, құқық бөлімі, санитарлық бөлім дегененбіз деп жетіп келді. «Бақылау кассалық аппаратыныз қайда?», «Әрбір сатылған тауарға фискалды чек ұрып отыруыңыз керек»,- деп салықшы дікілдеді. Заңгері: «Жасы он сегізге толмаған баланы ауыр жұмысқа салуға құқыңыз жоқ. «Еңбек туралы Заң» кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын айырықша қорғайды. Түнгі уақыттағы жұмысқа неге пайдаланасыз? Жұмыс беруші ретінде заң алдында жауап бересіз» деп қорқытты. Санитарлық доғдары: Өзіңізбен үш адам жұмыс істейді екенсіздер, үшеуіңде де санитарлық кітапша жоқ, сондықтан үлкен айыппұл саламын»,- деп әңгірледі. Бірден дүкенді жаптырып тастады.

Роза тәтенің танадай көзі одан әрі бақырайып, мөлтілдеп жас тұнып әрқайсысына бір жәутеңдеді. Зәкүн айтушылардан арашалайтындай Құдайдан басқа сүйенері жоқ. Жомартқа «мен туысқан апам болған соң көмектесіп жүрмін»,- деп айт деді де, үйіне қайтарып жіберді. Тапа-тал түсте сауда жасап жатқандаа Жанаркүлді бас салған болатын. Оны қалай жасырсын. Екі бөлме толған тауарды қалай жоқ десін. Еркектермен болмаса да, әйелмен тіл табысайын деп үйінде тауарға жинап отырған ақшасын алдырды. Олар не айтса да басын шұлғып, қандай қағазға қол қой десе де қолын қоя берді. Аралықта екі беті май жаққандай жылтыр, күлімкөз әйел дәретханаға барғысы келген сәтті пайдаланып жанына еріп алды. Сыртқа шыққан соң:

  • Осы дүкенмен үш жетім баламды бағып отырмын. Мені аяй көріңдер. Енді заңды да, тәртіпті де бұзбаймын. Қанша сұрасаң да берейін үшеуіңе де. Бақылау касса аппаратын да қойғызамын,- деп зар иледі.
  • Бір жолғымен құтылмайсың, мен айына бір рет келіп тұрам, маған жеке салық төлейсің,- деді. Әйел басымен құлқынының сонша кеңдігінен жүрегі айнығандай болса да, келісті.

Жылтыр беттің екі еркекті қалай тез көндіргенін кім білсін,  Розаның берген парасын алды да түс ауып, көлеңке ұзарғанда келген жолдарына түсті. Дүкені дүрілдеп тұрған Роза тәтенің жүні жығылып, қалтасы қағылып, пұшайман болып бір-екі аптаға дейін тауарға шыға алмай қалды. Содан кейін көңіліне сақтық пен үрей қосылып жұмысына біраз өзгерістер енгізді. Жомарт болса, күннің көзі жылт еткеннен техника заттарын сататын бөлменің іргесін тұрғыза бастады. Ол сабақтан келгенше екі құрылысшы аға қабырғаны өре береді. Жомарт келе сөмкесін лақтырады да жоғарғы ауылдағы құрылыс заттарын сататын дүкенге жүгіреді. Жоғарғы сыныпқа өткен сайын сабағы нашарлады. Алгебра, геометрия, физика деген сабақтарды ғана ықыластана оқиды. Қалғанына жүрдім-бардым. Апасы да баяғыдай мақтау қағазын алмадың, төралқаға отырмадым демейтін болды. Қарындасы Кәмшат үздік оқушы, апасының төралқадағы құрметті орнын сол сақтап қалды.

Бүгін аптаның ақырғы күні. Енді бір жеті сабаққа барса, Жомарт оныншы сыныпты аяқтайды. Зіңгіттей жігіт болды. Апасы айтқандай: түр-тұлғасы – бойы сорайып, басы сопайып, мұрны қоңқиып, қайратты шашы қасқырдың жүніндей үрпиіп, көзі шүңірейіп тура әкесіне ұқсап келеді. Мінезі ме?! Апасы: әкең –  ағайыны бар, көрші-қолаң бар, тамыр-таныс бар бәрінің өтінішін орындап, асар жасағанға араласып, жылу жинағанға қолындағы соңғысын беретін. Сүйіншіге – бір тоқты, қайғырып көмек сұрағанға – бір қой, баласын жетектеп келгенге – бір қозы не лақ таратып отыратын ақкөңіл еді. Содан ба, байлық қоңсы қонбады. Ал, сен шық бермес шығайбай болайын деп тұрсың. Дәулет қонса, саған қонар! Менің бірбет мінезімді алыпсың, қисайған жағына құламай тынбайтын»,- деп берген мінездемесінен артық не айтсын. Сондай тұйықтығынан болар Мырзагелдіден басқа досы жоқ. Ес білгелі  – дүкен, соның бар-жағын түгендеп, тізіп, ыстығына күйіп, суығына тоңып келеді. Роза тәте берген маңдай терінің өтеуі – ақшасын тастай қатып жинап, апасының сандығының түбіне сақтап жүр. Оны екеуі-ақ біледі.

Теледидардан байлардың өмір жолы туралы хабар көрді. Үш бай азаматтың жеткен жетістігін талдады. Бар ынтасын салып қарап, көкірегіне түйіп, санасына құйып алды.  Алғашқысы – сіріңке сатып бастапты. Кәдімгі 1-қорап сіріңке! Былай қарасаң – көзге көрініп, ауызға іліне бермейтін шырпы. Түбі – қып-қызыл от. Отсыз өмір жоқ. Адамзат баласы пайда болғалы ең қажеті де ең қауіптісі. «Нарық енді басталған кез еді. Халықтың сұранысын іздедім. Сол елеусіз ғана шырпының адамға өте қажет екенін біліп, қалтамдағы барым – 250 долларға Ресейден сіріңке алып, шекарадан қолдап өткізіп бизнесімді бастадым. Онда институтты енді бітіргелі жүргем»,- дейді. Екіншісі – опа-далап, әтір сатып бизнесін бастапты. Жұмыссыз қалған отбасы. Әйелі екеуі Қытай асып екі жәшік тауар әкеліп тіршілік жасапты. Үшіншісі Алматыға оқуға түскеннен ауылдағы жеміс-жидек, көкөністі жолдасы екеуі «Москвич»,- деген атасынан қалған ескі көлікпен тасып жүріп байыпты. Қазір үшеуі де Қазақстандағы алғашқы миллионерлер екен. Үшеуі де «Бай, бақуатты өмірді армандадым. Мақсатыма жеттім!»,- деп тұр.

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (2 оценок, среднее: 5,00 из 5)

Загрузка...