Страна: Казахстан
Тулеуов Заман Самалбекович родился 10 июля 1949 года.
В районной газете «Сарканд» был редактором казахской секции, главным редактором информационной газеты «Алайда», директором Койлыкского сельского дома культуры имени К. Казыбаева, председателем общественного фонда «Улагат». Краевед. Он является автором нескольких книг по истории и познанию «Мои Койлык – моя родина».
В 2007 году он получил «Благодарственное письмо» от Н.Назарбаева, председателя НДП «Нур Отан» . А так же неоднократно получал денежные и призовые деньги от областного департамента внутренней политики и отдела развития региональных языков. Обладатель юбилейного медаля 130-летия М. Тынышпаева.
В 2007 году стал победителем конкурса акима Алматинской области по журналистике.
Стал номинантом Международной программы энциклопедии «Лучшие люди 2017 года».
В 2017 году получил диплом II степени в номинации «Лучший драматург» республиканского литературного конкурса «Ауылым – алтын тугырым».
Победитель республиканского конкурса «Айбыны елдин – Алпамыс» в номинации «Лучшая работа» 2018 года.
Окончил Алматинскую открытую литературную школу по прозе.
Сегодня является главным редактором информационного агентства “Портал культуры”.
Country: Kazakhstan
Tuleuov Zaman Samalbekovich was born on July 10, 1949.
In the district newspaper “Sarkand” was the editor of the Kazakh section, the editor-in-chief of the “Alaida” information newspaper, the director of Koylyk rural culture house named after K.Kazybayev, the chairman of the public fund “Ulagat”. Local historian. He is the author of several books on history and cognition, “My Koilyk is my home country”.
2007 He received a “Letter of Appreciation” from N.Nazarbayev, Chairman of NDP “Nur Otan”. He has repeatedly received prizes from the regional department of internal policy and the regional languages development department. The owner of the 130th anniversary medal of M.Tynyshpayev.
Winner of competition of journalism of Almaty region Akim.
Became the nominee of the 2017 International encyclopedian program “Best People”
In 2017 he received a diploma of the II degree in the nomination “the best playwright” of the republican literary competition “Auylum – Altyn zhuregym”.
Winner of the republican contest “Aibyny eldin – Alpamys” in the nomination “The best work” in 2018.
Graduated from the Almaty Open Literature School (Prose section).
Today he is the editor-in-chief of the news agency “Culture portal”.
Отрывок из прозы “Қызылауыздың қарғысы “
Соңғы оншақты жыл, адасқан мал мен жортқан аң ғана жағалайтын – Жамантас асуы беткейінде қыбырлаған қос ноқат пайда болды. Бірақ, бұл – адасқан мал мен жортқан аңға да ұқсамады. Кенерінде сайрап жатқан кең жолдан алшақтап, саяқ тартқандарына қарағанда күдік тудырып: ұры-қары немесе қылмыс жасап, бас сауғалаған қорқауларды еске түсіреді.
Салт аттылар жақпары тозып, жәңкішекке айналған көк тасты шақырлата басып, ескі асуды өрмелей, көтеріліп бара жатты. Арқасы жайпақ, тұрқы зор, жілікті тор бие мінген Қапар жол бастап келеді. Оның соңында қатқан қайыс қараның жалына жармасып, тізгінді бос қоя беріп, енді болмаса ертоқымымен қоса сыпырылып түсіп қалатындай хәлде Сағынбек еруде. Не өмілдірік, не құйысқаны жоқ жадау ер – өрге салғанда құйрыққа қашып, ылди төмен аттың желкесіне ентелейді. Жолай әлсін-әлсін тоқтап, қайта-қайта тартылған шап айыл мен төс айыл ғана жан сақтауда. Бұл ертоқымды да әлдекімнен қалап, әрең сұрап алғанын жыр қып айтып еді, Қапар әлгінде. Әлде, әкесінен қалған қырық жылғы ертоқым ба, оны да бір құдай біледі. Әйтеуір, ең оңғаны – астына жұмсақ көрінген аткөрпесі ғана дәтке қуат.
Қапар, шикілсары, екі ерні де жалақ, көзі шегірейген, ұзынтұра, ұсқынсыздау жігіт ағасы. Сұғанақ құстың пішініне ұқсаған үшкір мұрнына сай – құдекең, мінезін де аудырмапты. Ол білмейтін, кіріспейтін шаруа кем де кем. Керек болса, екі беті бүлк етпей, «иттік те» жасай салады. Сосын онысын қазақтың ежелгі ойын-жорасына артып, «Аталарымыз бұдан да зорғы құрдастық назды көтере білген!» деп теперіш көрген өзіңді табалаудан тайынбайды. Баяғыда бәстен жеңілсе әйелімен есеп айырысу аса әбестік болмаған сынды. Ал тіпті кейбіреулер төс қағыстырып дос болса: «Досым үшін – баламның жаны пида!» деген екен дейді. Мына заманда олардың әзілі де серті де мүлдем тұрпайы. Осындай ескінің сарқыншағымен келе жатқан Қапардың соңынан ерген Сағынбек: аққұбаша, бадырақ көз, мінезі шақар, жұқалтаң қырма сақал – өздерінің не істеп отырғандарын білмейтін, атауы ұзын-сонар, бір бюджеттік мекеменің басшысы. Ол, біреуді тең санаса, екіншісін кем санап; жоғарыдан басына төңкерген «қазан» астындағы өз әлемінің билеушісі. Сөйте тұра жаны нәзік, туған жер десе көзіне мөлтілдеп жас үйіріледі. Қапардан бала кезінде көп запы көрген. Енді әлеуметтік сатыдан қарасаң, аралары жер мен көктей. Қатарына алып жүргені үшін – Қапар бұның етегін сүюге тиіс…
Тор бие жол танабына орай өршелене өрге салады да сосын қиялай ауып барып, біраз жерді өндірген соң, қос бүйірін соғып, тыныстап тұра қалады. Осындайда артынан жұлқына ерген серігіне Қапар сын көзбен қиқырая қарап, тосады. Қара ат тор биенің құйрығын тістей кідіреді. Кезектескен алқым-жұлқыммен олар асу басына да көтерілді.
Көз алдарына жайлаудың кең алқабы: жайылған өрнекті дастарқанша далия төселіп, дене сергітер салқын ауасы қойны-қоныштарын кеулей, аралап кетті. Тынысы кеңіп, тұла-бойын туған жерге деген ерекше бір ғажап сезім баураған Сағынбек – жан-жағына ашқарақтана қарап, табиғаттың әсем көрінісіне тұншыға сүйсінді. Бір көрсем деп армандағаны осы емес пе еді.
Жетісу Алатауының созылған сілемі соноу көкжиекті кенерлей, суретше қалқиды. Бұлардың көздегені сол ұлы таудың Алақарлы атты өркеші еді. Соның астын ала, үркердей тұтаса қоныстанған бес-алты малшы ауылына жетпекші. Баяғыдай иін тіресе отыратын колхоз-совхоздың қалың отарлары бүгіндері қиял-ғажайыптағы көрініс секілді. Олардың сарқылмастай көрінген берекесінен де, атағашы қалқиып тұратын жұртынан да жұқана қалмаған-ды. Империя құлаған соң, ауылдың халқы қалаға босып, қазақтың күре тамыры кесілуге шақ қалды. Кейбір ел жармақ жесе, кейбір ұры-қараулардың езуінен ақ май ақты. Сіңірі үзілгенше сүзіліп жүре беретін жаны сірі қазақ: “Ел іргесі тыныш болсын, береке-бірлігіміз кетпесін!” деген тілекпен осы күнге де жетті. Енді ауылдың маңын шаңдатпай, шүйгінді жайлау бар екені естеріне түсті. Тегі бұзылған ала-құла малдарын алдарына салып, Алатаудың асқарына қарай көш тартты.
Және сонау Кеңес өкіметінің дәурені кете қоймаған тұста: осы асудың іргелей жақпар тасын атып, көлік жолын салған-ды. Бұрынғыдай түйе жетектеп, Тәңіріне сиынып, әупірімдеп асу асып жатқан ешкім жоқ. Керек-жарақты жүк машинасымен жеткізіп алады. Авто-мото қатынасы сайрап жатыр.
Сағынбектің арманын аңдаған Қапар оны осылай ескі асу арқылы барсақ, балалық шағың аумай есіңе түседі деп шүбәсіз көндірген-ді. Сөйтіп, бұл қасуына басуы дәл келген саяхат болды.
Асу үсті биігінен қарағанда барар межеге дейін тақтайдай теп-тегіс секілді. Ал негізінде неше белес пен құз-құзарт бұғынып жатқан-ды. Ойпаң-ойпаңның теріскейлеріне үрке жиналған топты қарағай мен үстіртке тұтаса өскен аршаның сұлбасы қою қошқыл бояуымен қал секілді ерекшеленеді.
Ақ езу болып, қара шаптарынан сабын аққан жылқылар – ентіктерін баса бере дүр-дүр сілкіністі. «Бейнет осымен бітті-ау!» дегендей жалды босатып, қос тізесі сырқыраған аяқтарын үзеңгіден шығарып, алаңсыз отырған Сағынбек жерге түсіп қала жаздады. Не де болса ежелгі қойшы баласы емес пе, ердің қасынан ұстап үлгірді.
– Бітіпсің ғой! Мына түріңді менен өзге ешкім көрмесін! Ха, ха!– деп
шегір көздерінде сайқы-мазақ от ойнаған шикілсары Қапар, жалақ ернін сүйсіне бір жалап алып, қарқ-қарқ күлді. Сағынбек ештеңе демеді. Себебі, ақталатын да Қапарды кіналайтын да ешқандай уәж жоқ-тын. Бар қуанышы – аттан құлап түспегені бұның басты абиыры болды. Осыдан отыз жыл бұрын соңғы ізі қалған қасиетті жайлау төсіне атпен шығып қайтуды ерекше көкседі. Сол үшін осы жылғы еңбек демалысында туған ауылға келіп, сол арманды жүзеге асыруға ниеттенді. Былай қарағанда бәрі ойдағыдай. Тек, атқа жүруден жатсынып қалғаны болмаса. Бұл да сол алғашқы бірер күннің бейнеті ғана, сосын еті үйреніп, бала шағындағыдай өр-ылди демей жосылта шаба беретініне ол күмәнсіз еді. Ал Қапарға келсек, ол – сол тырнақ астынан кір іздеп, әлдекімді кекетіп-мұқатуға жаралған мінезінен әлі күнге танбапты. Кешелі бері оның сын садағына Сағынбек танитын-танымайтын талай жайсаң түйрелген-ді. Бақса, кезек бұған да таяған тәрізді. Мына асудың басына шыққан соң, Қапар тіптен қос иығын керіп, арқаланып бара жатқандай. Сағынбек оған күдіктене көз тастады. Тегі, ол бір жағы сыныптас құрдасы және баяғыда бұның әкесі де шопан болып, бала шақтары осы жайлау төсінде бірге өтті. Ол ауылдың сауын сиырын бағатын бақташы. Малға мінетін тапал қарасын жуастау деп, Сағынбекке мінгізіп, өзі биыл қысыр қалған, семіздіктен секіріп тұрған тор биесін ерттеген-ді.
Қапардың тілімденген жалақ ерніне қатты күлгендіктен тағы бір жырық пайда болды. Ол өз қанының дәмінен өзі жиіркеніп, түкірінді. Бала жастан бірге келе жатқан осы жалақтыққа еті әбден үйреніп кеткендей. Еш қымсынбастан, қалтасынан газет қиындысын шығарып, оймақтай жыртындыны ерніне жапсырды. Сосын әйеншектене, аузын аса қимылдатпай абайлай сөйледі.
– Сен баяғыда өз атыңды ойып жазып кеткен ағаштың қайда екенін
білесің бе?
– Жол-жөнекей болуы керек…
– Жол-жөнекей екенін есек те біледі… Әй біткен екенсің ғой, мүлдем!
Осы кезде оның тор биесі артқы аяқтарын тапырлата бұтын ашып, сарылдата сарыды. Есеңгірегендей өз бетінше мүлгіп тұрған қара ат елең етіп, жылғаша қаша бастаған сідікті еңкейіп иіскеді де танауын көтеріп шүйірінді. Сосын жыртыңдаған биенің артына мұрнын созды. Тор бие бұның мына қылығын өрескелдік санаған тәрізді, сарт еткізіп бір тепті. Қара ат та жылпың екен, басын жалтарып үлгіріп, тұяқты кеудесіне жанай дарытты. Ешқандай кейістіксіз, әншейін шертпек алған сыңайлы, жайбарақат кері шегінді.
– Мына сорлының дәмесін қара! – деп Қапар шегір көздерімен тапал
қараны емес, иіскеген Сағынбектей, серігін жиіркене шаншып өтті.
– Маған немене ежірейесің? Иіскеген мен емес қой! – деді Сағынбек,
құрдасының кекесінін өзіне қатысты деп санап.
– «Ең маңызды инстинкт» деген осы.
Ол тор биесін тебініп тағы жол бастады. Соңынан Сағынбектің қарасы сәумеңдеп, өзі ілесті.
– «Өзі қартайса да бұқаның мұрны қартаймайды» деуші еді. Іністіктің –
сол ма? Әй, сен өзің қалайсың? Қыз-қырқынның көшелерін торуылдап тұрасың ба?
– Өзің барып көріп пе едің?
– Бармағанда ше! Мен саған бір қызық айтайын. Кілең жындылар,
анау жылы басымыз қосыла қапты. Жиналып саунаға бардық. Қыздар шақырттық. Аллай-ай дейім ғой, үш рет тапсырыс бердім, үш ретінде де атын айтпай-ақ қояйын, өз ауылымыздың бір қызы қарта құсап, тура маған түседі. Әке-шешесі оны табысы жақсы қызметте жүр деп мәз. Хи-хи-хи…
– Несі күлкілі?
– Кім күліп тұр? Бұл қасірет!
– Содан қайттің оны?
– Ақшасын ұстатып қайырдым. Білген ақылымды айттым. Сен мені мен
көрген жоқпыз деп ант алыстық.
– Қатыныңа жеткізіп қоя ма деп шошыған шығарсың?
– Әрине, ол да бар. Сен оқыған-тоқыған адамсың. Осы біз қай жаққа
кетіп барамыз?
– Алақарлы жаққа…
– Оны айтып тұрғам жоқ. Тегі еліміз қайда кетіп барады дегенім ғой.
– А-а, оны бір құдай білсін. Ұры бай, адал жарлы болған бір заман…
– Е, айтпақшы, Алақарлының көкірегіндегі «Қызылауыз» есіңде ме?
– Әрине. Бірде арқан-жібімізді алып, сол жаққа бара жатқанымызды
әкелеріміз біліп қойып, аттың бауырына сап қуып келіп еді ғой?
– Иә-ә, бәрі есімде… Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылығына шыдай
алмай қашқан ел – сол «Қызылауыз» арқылы өткен. Талай адамның өмірін жалмап, көк мұзы қызыл қанға боялған, қатігез асу еді. Мұздың жарығына тайып құлаған кісі мен малдың мүрделері әлі күнге бұзылмай, сол қалпы жатыр.» деп отырушы еді әкем… – деп маңызды әңгіме айтқанына өзі түшіркеніп, Қапар қос ернін әдемілеп, бір жалап алды. Әңгімені ары қарай Сағынбек іліп әкетті.
– Біздің үйдің қасында бір орыс маржасы көрші болды. Сол:
«Жиырмасыншы жылдардың аяғы болуы керек. Естиярлау кезім. Біздің заемкеміздің тұсынан екі күннің бірінде босып бара жатқан қазақтарды көретінбіз. Түрлері жаман. Аш-жалаңаш. Қақпаға жақындаса әкем ит қосып қуып, соңынан мылтық атып жолатпайтын. «Оларға жақындама, жұқпалы аурулары бар!» деп мені қорқытатын. Бәрібір, тұз сеуіп қойғандай әлгілер біздің жерді басып өтеді. Бір күні бір қолында бала, екінші қолында түйіншегі бар бір әйел дуалға жақындап: «Доченька, скажи, куда направляются люди?» деп таза орыс тілінде менен сұрағаны. Аузым аңқайып қалды. Мына жабайылар тіл біледі екен ғой деп… Сасқанымнан «Қызылауыз» жақты сілтеп көрсеттім» – де-е-п отыр…
Екі жүз миллионға таяу үндістерді екі миллион ғана басқыншы тұқымымен таза құртыпты дегенді бір жерден оқығам. Сұмдық қой?!
– Жә, оны қойшы, аман қалдық қой, әйтеуір. Сәке, осы пәнтиөн деген
мола салғалы жатыр дейді. Ақша шығарып қажеті не? Әкел де мұздың жарығына тастай сал. Ешқашан бұзылмайды.