Жумагали Магзи

Страна: Казахстан 

Научной деятельностью занимаюсь с 2000 года, за это время мною было написано 7 научных произведений. С ранних лет увлекаюсь настольным теннисом и футболом. Являюсь руководителем 1 категории. В 1983 году с отличием окончил Жезказганский педагогический институт по специальности география и биология. В 1996 году окончил Республиканский научный центр города Алматы по специальности Бухгалтерский учет и аудит. Имеются награды за трудовую деятельность: Почетная грамота Акадырского районного отдела образования Карагандинской области, Почетная грамота управления образования Жезказганской области, Медаль отличника просвещения КазССР (1990), Почетная грамота управления культуры Жезказганской области, «благодарственное письмо» акима Карагандинской области за вклад в общественно-политическую деятельность, Почетная грамота Министерства образования и науки 2016 год, Почетная грамота акима Шетского района Карагандинской области, Медаль, посвященная 75-летию технического и профессионального образования, Благодарственное письмо директора Палаты предпринимателей за сотрудничество.

Country: Kazakhstan

Отрывок из монографии  “НІЛДІ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ”

КӨНЕ ӨРКЕНИЕТТІҢ БЕСІГІ

«Отан — өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу».

Ахмет Байтұрсынұлы

Орталық Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында, Солтүстік мұзды, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарының бәріне де бірдей дерлік қашықтықта, байтақ елдің қақ жүрегінде орналасқан. Аймақ Қарағанды облысына (Ұлытау облысын қоса есептегенде) қарайды. Облыстың аумағы 428 мың шаршы километр (Қазақстан аумағы жалпы көлемінің 15,7 %), ол Беларусь, Литва, Эстония және Латвия сияқты мемлекеттердің бәрінің аумағын қосқандығымен пара — пар. Облыста Қазақстан Республикасы барлық тұрғындарының оннан бір бөлігі өмір сүруде. Аймақта 9 ауылдық аудан, 11 қала, 10 кенттік және 192 ауылдық әкімшілік бар. Өңір Батыста Торғай үстірті, Солтүстік бөлігінде Көкшетау таулары жатыр. Ірі қазаң шұңқыр — Теңіз қорғалжын ойпаты (304 м) Сарыарқаның Батыс бөлігін екіге бөліп тастаған. Оңтүстік — Батысында Ұлытау таулары (1133 м) орналасқан. Мейлінше әйгілі және жақсы сақталған ескерткіштер қатарына Алаша Хан, Жошы Хан, Домбаауыл және қола дәуірінде жартастарға салынған сурет таңбалары жинақтаулы Теректі Әулие археологиялық кешені кіреді.

Аймақтың тағы бір көрсетуге тұрарлық жері — Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркі. Парк аумағы Қазақтың ұсақ шоқыларының Шығыс бөлігінде жатқан Қарқаралы және Кент аласа тауларын қамтиды. Қарқаралы тауларының ең биігі 1403 м, Кент тау жотасының ең биігі —     1469 м. Сарыарқаның шетімен шегі жоқ кең даласы

оңтүстікте Балқаш көлімен Қазақстандағы Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі ең ірі үлкендігі жөнінен планетада он үшінші орын алатын, ешқайда ақпайтын тұйық су қоймасының жазығымен кездеседі. Көлдің ұзындығы 614 км, ені — 3,5 км-ден 44 км-ге дейін, ең терең жері 26 м-ге жетеді. Көлден солтүстікке қарай 70 км жерде табиғаттың ерекше жаратылысы — Бектау -ата шатқалы бар. [28, 79 б.].

Аса көрнекті ғалым Петр Николаевич Савицкий 1957 жылдың

1 қаңтарында Лев Николаевич Гумилевке жазған хатында Сарыарқаны көне өркениеттің бесігі және жер патшасы (гений места) деп сипаттайды. Егер тарихқа ой жүгіртер болсақ, көптеген ғасырлардан бері Сарыарқа жері Ресей, Қытай, Парсы мемлекеттерінің көз құртына айналды. Қазақтың қазыналы даласына Ескендір Зұлқарнайын, Тұмар патшайым, Шыңғыс хан, Темірлан мен Византия, орыс патшалары, қытай императорлары мен парсы шахтары және үнді махараджалары мейлінше қызықты.

Сақ дәуірінде бұл аймақ Византия мен Парсы мемлекеттеріне орасан зор мыс пен темірді жеткізіп тұрды. Араб тарихшысы Әл- Идрисидің (1100-1165) көрсетуінше, Ортау мен Ақтау (Астананың оңтүстігінде 250 шақырым жерде) таулардың бөктерінде ірі сауда мен өндіріс ошағы, Оғыз Қағанатының астанасы — Хиам атты шаһар болған. Ақтау тауының етегінде Мұхан қаған 569 жылы Шығыс Рим империясымен сауда және дипломатиялық қарым- қатынас жасау үшін келісім шартқа отырды. [27, 9 б.].

Ұлы дала тарихы 2,5 млн жыл бұрын б.з.д. VII ғасырдан бастау алады. Бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Ежелгі ведалық абыздар Веданың қасиетті заңдарына сүйеніп, өз отбасыларының, ру тайпаларының, көсемдерінің алаңсыз өмір сүруіне көмектескен. Арийлер деген атпен ұлы мәдениеттер жасап, ұлы мәдениеттер құру үшін бір кезде Үндістанға қарай бет алған тайпалар тап сол андронов мәдениетінің иелері еді. Қазақстанның сақ тайпалары андронов мәдениетін жасаушы халықтың «Авестада» айтылатын арий, тур, дах және дайлардың тікелей ұрпақтары болып табылады. Мұндай даусыз қорытындыны андронов және сақ мәдениеттері арасындағы байланыстың тікелей жүйесі бар екенін тапқан археолог ғалымдар мен қола дәуіріне қатысты сақ заманындағы халықтардың генетикалық тұрғыдан олардың мұрагер жалғасы екенін анықтаған антрополог ғалымдар дәлелдеп отыр. [26, 5,7 бб.].

Палеолит дәуірі бүкіл адамзат дәуіріндегі ең маңызды кезең. Тас құралдарын пайдаланған алғашқы адам популяциясы Маңғышлақта екі миллион жыл бұрын пайда болды деген пікір бар… [26, 11 б.].

Ботай мәдениеті — энеолит мәдениеті б.з.б. 3700-3100 жылдары Қазақстанның солтүстігінде орын алған. Негізгі пайдаланған материалдары тас, сүйек және саз болған. Басты кәсіптері жылқы шаруашылығы, аң және балық аулау. Жүргізілген археологиялық зерттеулер көрсеткендей, жылқы шаруашылығымен айналысатын ботайлықтар бие сүтінен қымыз жасай білді және тұңғыш рет ер-тұрман қолданды. Шамамен 5,5 мың жыл бұрын аттардың қолға үйретілуі Ботай мәдениеті кезеңімен байланыстырылады. [26, 14, 18 бб.].

Арқайым — қола дәуірінің ежелгі бекініс қонысы. Арқайым Мысыр пирамидаларының құрдасы және б.з.д. 3-2 жылдығында салынған деген есептеуге негіз бар. Өзінің мұқият жоспарлануы, күрделі архетиктурасы және жетік дамығын инфрақұрылымы арқасында, қазіргі заманның зерттеушілеріне оның бейнесін қайта қалпына келтіруіне мүмкіндік берді. Табылған олжалардың ішінде алтыннан, қоладан, тастан және сүйектен жасалған керемет әшекей бұйымдар, жауынгерлік және салт-жоралық балталар, әйелдердің өрнектелген сәндік бұйымдары және де басқа көптеген басқа ғажайыптар бар. [26, 22,24 бб.].

Сақ тайпалары одағы б.з.д. УІІІ-ІП ғасырлар аралығын қамтиды. Бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп солтүстіктен оңтүстікке, Оңтүстік Орал аңғарына қарай ауыса бастайды. Олардың эпосы Үндіде Веда, Иранда Авеста түрінде жазбаға түскен. Ал бұрынғы мекендерінде қалған халықтардың рухани өмірі біртіндеп әлсірей бастаған. Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан қалған жалғыз белгі — Таңбалы қонысы болса керек. Ал ежелгі Арий рухының біздің жердегі кейінірек заманнан сақталған белгілері — сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағы қорғандары жатады. Қазақ даласын мекендеген тұрғындар арасында сақ дәуірінен бастап бет бейне жағынан Орталық Азиядан шыққанын көрсететін монғол тұрпатты аралас адамдар пайда болды. Мұнда Иран басқыншыларының, ұлы Ескендір Зұлқарнайын армиясының шабуылдарына тойтарыс беріп тоқтатқан мемлекеттер пайда болды. Мұнда адам мен ат одағы құрылып, соның арқасында түркілер мен басқа да көшпелі халықтар сол кезде өздеріне белгілі болған әлемнің тең жартысын тізе бүктіріп, бағындыра білді және оның қалған бөлігі — Батыс Еуропа мен Қытайды үрейлі қорқыныштан көз аштырмады. Мұнда Ертістің, Іленің, Сырдарияның, Жайықтың және Еділдің жағалауларында орасан зор империялардың — ғұндардың, түркі қағанаттарының, қарлық мемлекеттерінің, моңғол хандары мен олардың мұрагер ұлыстарының — ғажайып астаналары пайда болды. Есік қорғаны — есік Алтын адамы мен Есік жазба ескерткішін тапқан жер. Қорым б.з.д. 5-4 ғғ. сақ мәдениетіне жатады. Қазіргі Қазақстанның және оған шектес жатқан аймақтардың дүниеге келген алуан түрлі мәдениеттер әлемінің көптеген халықтарының дамуында айқындаушы ықпалын тигізді. [26, 32- 34, 40 бб.].

Ғұндар дәуіріне б.з.д. V — б.з. IV ғасырлар аралығы жатады. Бұдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заманда Шығыста, Гоби далаларында арғы ғұн тайпаларының қалың толқыны туа бастайды. Бұдан 2,5-2 мың жыл бұрын сол толқын біздің жерлерге жетеді. Ежелгі Ведалық қабаттарды жас жаңа толқын басады. Ол Тәңірге табынған ғұндардың үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан, Жер-Су, Ұмай — Мәңгілік ана. Ғұн абыздарының нанымы біртіндеп сақ-сармат тайпаларынан қалған нәсілдердің күнделікті тіршілігіне ене бастаған. Көшіп келген ғұн халықтарының рухы алғашқы екі ғұн империясының қазанында бұрынғы арий нәсілдерінің рухымен бірге қайнап кіріккен. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империя біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдың соңында құрылды. Ол сюнну (хунну, ғұндар) империясы еді. Ол көп ұзамай-ақ Байкал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге дейінгі аймақты басып алып, өзінің дүркін- дүркін баса көктеп кіріп баратын шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан үрейлі қорқынышта ұстады. Біздің дәуіріміздің ГУ-У ғасырларында ғұндардың Еуропа мен Батыс Азияға жасаған шабуылдары туралы жылнамалар хабарлайды.

…Отырықшы халықтардың елдеріне баса-көктеп кірген көшпелілер тұтас мемлекеттерді өз көсемдерінің — шаньюлердің, қағандардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың билігіне бағындырды.

Басқыншы көшпелілердің, соның ішінде Орталық Азиядан шыққан түркілер мен моңғолдардың да жеңістен жеңіске жетіп отыруының бір себебі мемлекеттердің өз ішінде жауласуында болды. Мысалы, Еділ (Атыл — Аттила) бастаған ғұндар Батыс Рим империясын біржолата құлатты. Ал XI ғасырда Кіші Азияға барып жеткен түркілер өзара қырқысудан титықтап отырған Византияны оп-оңай олжалады. Өз іштеріндегі өзара қарама -қайшылықтардың зардабынан әлсіреген Хорезмшахтың мемлекеті мен XII ғасырдағы Русь кінәздіктері де моңғолдардың щабуылына қарсы тұруға мүлде дәрменсіз болды. Шығыс пен Батысты жақсы білген көшпелілердің империялары қару- жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін тез меңгеріп отырды. [26, 57, 59, 60 бб.].

Ұлы түрік елі б.з.УІ-УІІ ғасырларын қамтыйды. Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері — түркілер — Ашина руының түркілері — Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі Қағанаты-Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мың жылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған. Шындығына келгенде Ұлы Елдің ортақ несібесі ең кемінде үш қабат нәпақадан құралған.

VI ғасырда Евразиядағы тарих сахнасына жаңа тарихи тұлға — Түркі қағанаты-түркілердің далалық империясы шықты. Ол өзінің гүлденіп өсуінің шырқау шегіне жеткен кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан Қара теңіздегі Қырымға дейінгі орасан зор шетсіз-шексіз кең байтақ аумақты алып жатты.

IV-VIП ғасырлардағы жылнамалар Европада түркілердің алғашқы легі аварлардың, бұлғарлардың, суарлардың, хазарлардың пайда бола бастағанын жазады. Содан кейін шығыстан батысқа қарай оғыз — печенегтер, түркілер, салжұқтар, сондай-ақ қарлұқтар, қыпшақтар (половшылар, құмандар), қырғыздар ағылды. Түркі тайпалары Қазақстан мен Орта азияның мол аумағын мекендеп қалды да, Иран мен Закавказьеге басып кіре бастады. Ал тоғызыншы ғасырда олардың бір бөлігі оғыздар мен түрікмендер Кіші Азияға қоныс аударды. Көшпелі өмір салтын сақтап қала отырып, шығыстағы якуттардан (сахалардан), тувалықтардан, алтайлықтардан, қазақтардан, ұйғырлардан бастап батыстағы чуваштарға, гагауздарға, Еділ мен Қырым татарларына, құмықтарға, қарашайларға, балқарларға және түріктерге дейінгі халықтардың орасан зор тобы құрылды.

Дүние жүзіндегі аса маңызды тілдік топ — алтай тілдік тобы (негізінен оның түркі монғол тілді тармақтарының), оған қазақ тілі де кіреді. Мейлінше кең тараған тілдік топтардың бірі-түркі тілдік тобының Еуразияға қарай жылжып ене бастауы — сол кезеңде пайда болған құбылыс. Тарихи деректерде «түркі» терминдік атауы VI ғасырдың екінші жартысында кездеседі және содан бастап кеңінен таралғаны көрінеді. Түркі қағанаты құрылғанға дейін «түркі» сөзі он (кейінірек он екі) тайпаның 460 жыл шамасында Алтайда пайда болған одағы деген мағынаны білдіріп келген болатын. Түркі елі дүниеге, міне, осылай келген еді. Бірінші түркі қағанаты (552-603 жылдар) Византияның, Иранның, Қытайдың саяси және экономикалық қарым-қатынас жүйесіне енді. Түркі қағанаты өзінің гүлденуінің шарықтап тұрған кезінде Манчьжуриядан Керчь бұғазына дейінгі, Енисейдің бастауынан Әмударияның бастауына дейінгі кеңістікке созылып жатты. Сөйтіп түркі қағандары алғашқы еуразиялық империяларды құрушылар болды.

Түркілердің ұлы жабғысы Бумын 552 жылы ақ киізге көтеріліп, орасан зор, алып империяның алғашқы қағаны болды. Оның ұрпақтары Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірге түркілердің үстемдігін берік орнатты. Ат құлағында ойнайтын шабандоз, алыс сапарларға салт атпен жүруге төзімді, ер қаруы — бес қарудың шебер меңгерген, ат үстінде ұрыс жүргізудің тәсілдеріне жетік тамаша жауынгерлер бола білді. [26, 73, 75, 76 бб.].

Түркі халықтарының рухани дамуы б.з. УІІ-ІХ ғасырларды қамтиды.

Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисейде тіршіліктің қан тамырын соқтырды. Ежелгі қырғыздар мемлекетінің ескерткіштері Тоныкөктің, Күлтегіннің руникалық жазулары, Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркілердің ұлттық осынау тегеуріні Х ғасырда «Манас» эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Көне қырғыздар дүниеге келтірген рухани қазынаның осынау бір асыл туындысы (оны біз тудырдық деп осы күнгі қырғыз халқы толық негізбен айта алады) көне қазақтардың да, сондай-ақ, қазіргі түркі халықтарының басқа зәузаттарының да руханиятын асқақтата көтерген. Осынау зәулім заңғардың биігінен тараған рухани нұр сәуле кейінгі замандарда пайда болған түркі халқының бөліп жарғысыз тұтас тұлғасына тереңдей сіңіп нәр берген. Олардың ой пікіріде, талап- тілегіде бір мезгілдері бірдей болып шыға келеді. Түркілер әлемінің тап ортасында Адам тұрды, олар, ең алдымен адамды құрмет тұтты. Мысалы, Күлтегіннің құрметіне қойылған құлпытасқа қашап, ойып жазылған үлкен жазуда мынадай сөздердің болуы тіптен тегін емес: Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болды. Күлтегін (684-731 жж.) — Құтлық қағанның екінші ұлы, Білге қағанның туған інісі, Ашина тайпасынан. Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қол басшысы. Олар «Құранды» негізге алып бірін-бірі көзбе көз мақтаудан, өлең шығарып дәрептеуден мүлде аулақ болған. [26, 107, 109, 110, бб.].Түркі — оғыздарының түп атасы Қорқыт қобызы тұнғыш рет жасаған адам болып саналады. [26, 80 б.]

Араб-ислам кезеңі. Ұлы дәуір дүниеге ұлы адамдарды — ғажайып ғалымдарды, ақындарды, сәулетшілерді, дәрігерлерді берді. Олардың қатарына орта ғасырдағы аса көрнекті математик, ұлы ғалым әл-Хорезмиді (780-847) қосуға болады. Оның еңбектері мұсылмандық Испанияда латын тілінде аударылып, Еуропадағы математика ғылымының негізін қалады. «Логарифм», «алгоритм» деген терминдерді әл-Хорезми енгізген. Ол дүние жүзін Үндістан математиктерінің аса ірі ғылыми жетістіктерімен таныстырды. Ол қазір біздің барлығымыз бірдей пайдаланып жүрген нөл таңбасын мен цифрларды позициялық ретпен жазу тәсілін еңгізді. Әл-Хорезми алгебраның негізін салды. Бұл ғылым оның «әлджәбр» деген кітабының атымен аталып кеткен. Ол сонымен қатар астрономиямен де айналысты, синустар мен тангенстер кестесін құрастырды. Сол кездегі ғалымдардың қатарында математик әрі астроном әл-Бируни де тұрды. Математик әлі георграф, астроном әрі биохимик, конструктор әрі ақын әл-Бируни ортағасырлық аса жарқын құбылыс болды. XI ғасырды замандастарының Қайта өрлеу дәуірінің лайықты алып тұлағалары ретіндегі екі ұлы ғалымға тең бөліп беруі тіпті де тегін емес еді: ғасырдың бірінші жартысы Бируни дәуірі, екінші жартысы ақын әрі математик, астроном, әрі философ Омар хайям дәуірі аталуында осындай сыр бар.[26, 140 б.]

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)

Загрузка…