Ертай Айғалиұлы

Страна: Казахстан

Член союзов писателей и журналистов Казахстана Ертай Айгалиулы родился в Республике Узбекистан, до шестого класса учился в Южном Казахстане. Потом закончил среднюю школу в Кызылординской области и работал в районном газете в течений 2 лет. После окончаниe факультета журналистики в университете КазНУ, работал в газете «Лениншіл жас» (сейчас «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» и «Ана тілі». На сегодняшний день является главным редактором международного газеты «Qazaqstan zamany». Ертай Айгалиулы многократный победитель конкурса «Жалын» и международного конкурса «Дарабоз». Несколько его книг было опубликовано. Автор таких романов как «Қара жапырақтар», «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный», повестей «Мен сені сағындым, әпке!», «Ақбарыс, американ және Аспантау үңгіріндегі қазына», «Қара бала, адам-қасқырлар және мұз сарай», «Алтын сандықтың құпиясы», «Шиебөрілері жылаған Сахарадағы жекпе-жек» и много других рассказов. Писатель Ертай Айгалиулы культурный деятель РК, обладатель медали «Ақпарат үздігі».

Сountry: Kazakhstan

A member of the unions of writers and journalists of Kazakhstan, Yertai Aigaliuly was born in the Republic of Uzbekistan, until the sixth grade he studied in South Kazakhstan. Then he graduated from high school in the Kyzylorda region and worked in the district newspaper for 2 years. After graduating from the Faculty of Journalism at the University of KazNU, he worked in the newspaper “Leninshil Zhas” (now “Zhas Alash”), “Kazakh adebieti” and “Ana tіlі”. Nowadays he is the editor-in-chief of the international newspaper “Qazaqstan zamany”. Yertai Aigaliuly is a multiple winner of the “Zhalyn” contest and the international competition “Daraboz”. Several of his books were published. The author of such novels as “Kara zhapiraktar”, “Sarayshyk khanshasy zhane Ivan Groznyi”, novels “Men seny sagyndym, apke!”, “Akbarys, American jane Aspantau ungyryndegy kazyna”, “Kara bala, adam-kaskyrlar zhane muz saray”, “Altyn sandyktyn kupiyasy”,”Shieborіleri zhylagan Saharadagy zhеkpe-zhek” and many other stories. Writer Ertai Aigaliuly is a cultural figure of the RK, holder of the medal “Akparat uzdygy»”.


Ажал аралының тұтқыны

(Хикаяттан үзінді)

Атамның құпия және жұмбақ суреті

 

   Әли атамның өзгелерден еш ерекшелігі жоқ. Әппақ шоқша сақалы мен мұрты сопақшалау бетіне жарасып-ақ тұр. Қыр мұрыны, қоңыр көздері де әп-әйбәт. Себебі сексен бестің сеңгірінен асып бара жатса да кітапты да, газетті де әшкейсіз оқиды. Бойы да ұп-ұзын, ап-арық. Жасы біразға келіп қартайса да тіп-тік жүреді. Менің атам деген жігіт кезінде сұлу болғанын суреттерінен көріп жүрмін ғой. Әжеме бұл туралы айтсам ернін сылп еткізді де:

   – Қойшы, несі сұлу болған? Сүйегі арса-арса тайлақ сияқты еді. Ал мен тәрізді сүйріктей әппақ сұлу қызды қармағына қулықпен түсірді. Рас, ол сөзге шебер еді. Әнді де бір адамдай салатын, – деп менің ойымдағы атамның сұлулығын тас-талқан етті.

   – Әже-ау, тайлақ деген не? Сүйрік деген не сөз? – деп мен жалма-жан әдеттегіше түсінбеген сөздерімнің мән-жайын сұрауға көштім. Мен осы жерде сіздерге бір құпиямды айта кеткім келіп тұр. Сіз ешкімге айтпаңыз. Әлі бұл құпияммен сізден басқа ешбір жанмен бөліскен жоқпын. Атама шет жағасын ғана сұрақ ретінде айтқанмын да қойғанмын. Қалай, айтайын ба? Ендеше тыңдаңыз. Мен жазушы болғым келеді. Ал ол үшін сенің сөздік қорың бай болуы тиіс. Сонда мен сөзге бай болу үшін не істеді дейсіз ғой. Қалың дәптер мен қойын кітапша сатып алдым. Қойын кітапшам ылғи жанымда болады. Біреуден сұлу, мәнді сөздер естісем дереу жазып аламын. Мінеки, қолымда қойын кітапшам, жазып алуға қазір де дайын отырмын. Әжем сәбізді өткір пышағымен тырсылдата турап отырып әлгі сөздердің мәнін түсіндіре бастады.

   – Түйені сен білесің ғой. Білесің. Түйенің еркегін нар үлек, бура дейді. Ұрғашысын інген, аруана дейді. Інгендер ішіндегі баласын тоғыз ай емес, екі жыл қатарынан көтеріп жүреді. Оның баласын әп дегенде бота, бір жасқа жақындағанда тайлақ деп атайды. Сен мәселен қазір он үште болсаң да, әлі ботасың. Енді сен мұртың тебіндеп өсіп бозбалаға айналасың. Яғни тайлақ болып тайраңдайсың. – Әжем жымиып менің әлі де таралмаған ұйпа-тұйпа шашымнан емірене иіскеп қойды.

   – Сүйрік деген не? – деп мен тықақтадым.

   Әжем деген данышпан ғой. Бір секөнд те бөгелмеді.

   – Сүйрік қамыс тәрізді өсімдік. Әдемі, ақшыл өңі жылт-жылт етіп көз тартып тұрады. Бала кезімізде сүйрікті кесіп жіберіп ішіндегі тәтті сусынын сорып ішетінбіз. Бала, тағы қандай сауалың бар?

   – О-о, бәрін жазып алдым. Сізге рақмет, әже. Әзірге сауалым жоқ. Бірақ мен ойымнан қайтпаймын. Менің атам қазір де, бұрын да әдемі болған. Сіздей сұлу, саусақтары сүйріктей әдемі бойжеткен атама босқа ғашық болмайды, – дедім мен өз ойымнан қайтпай. Әжем мәз болып рахаттана күліп алды…

   Бұл өзара әңгіме ұмытылып та кетер ме еді, кім білсін. Мына бір оқиға ол әңгімені қайта тірілтті. Үйде ескі албом жататын. Атамның, әжемнің жастық шақтарындағы суреттері осы албомда. Есіме қайдан сап ете қалғаны белгісіз әжеммен болған өзара әңгіме түсті де, албомды ақтарайын. Атам да, әжем де жас кездерінде әдемі болғаны мына ескі суреттен көрініп тұр. Екеуінің үйленген шақтары міне. Қарапайым ғана киінген. Өздері жүдә бақытты. Оһо, мынау қандай көп адам! Жыпыр-жыпыр… Неке сарайына қанша адам жиналған десеңші! Ең алдында атасы мен әжесі. Мынау ағасы Сәрсеннің суреті. Жеңгесі Сәпия мұны алдына алыпты. Сәби кезі ғой. Ағасы болған соң ба, бұдан айнымайды. Анада нағашы ағасының әзілдеп айтқан сөзі есінен кетпейді.

   – Әй, сен осы шынында да кімнің баласысың, ә? – деді маған ол шүйлігіп. Ол келген сайын ылғи сауалды қояды. Әрине, мен ашулансам да Әли атамның атын нық атадым. Ол басын шайқады.

   – Жо-жоқ, сен Сәрсеннің баласысың, – деп ол сұқ саусағын маған кезеді. Мен әрине, оның бұл жаласына есемді жібермей әдетте жұдырығымды ала жүгіретінмін. Біздің әңгімемізді осы сәтте атам естіп қойды.

   – Сен бар ғой, балдыз. Тыныш жүр! Бұл менің төл балам, – деді атам нағашы ағама түйіле қарап.

   – Қайдан білейін, бұл Сайлау бізге, нағашысына тартпаған. Содан соң ғой айтып жатқаным. – Ол мырс етіп күлді де, одан соң үндеген жоқ. Енді мынау екінші оқиға. Айсұлу деген сыныптасыммен айтысып қалдым. Ол жеңіліп бара жатқан соң мынандай күтпеген жайды айтты.

   – Сен кімнің баласы екеніңді білмейсің, – деді ол жұлып алғандай.

   – Неге білмеймін? Әли атамның, – дедім. Менің уәжіме бәлекей қыз сақылдап күлсін.

   – Сондай сексендегі қаудыраған шал мен кемпірден сен қалай пайда болғансың. Мүмкін емес! – Бұл әңгімеге басқа да сыныптастарым қосылды.

   – Мүмкін емес! Мүмкін емес!..

   Ашуланып келіп әжемнен сұрап едім:

   – Түһ дегенде аузымнан түсіп қалғансың, – деп ол кісі баяғы ескі әңгімесін айтып бет бақтырмады. Қанша ашулансам да онша қазбаламадым. Шындықтан қорықтым. Енді қарашы! Мына Сәрсен ағасы тура сойып қаптап қойғандай бұдан айнымайды. Тағы да қаным басыма тепсін! Албомды лақтырып жібердім. Жерге солқ ете түскенде бір ескі сурет албомнан сусып түсіп менің алдыма түсті. Көне, жұлым-жұлымы шыққан сурет. Қоп-қоңыр. Сол қоңыр дүниенің аржағынан біреу қарап тұр. Қорқынышты! Қаңқа адам! Қабырға сүйектері ырсиып, терілері денесіне жабысып қалған. Қаңқа басында мұрыны таңқиып, көзі бақырайған мына адамның суретіне үрейлене қарадым. Бұл кім? Биология пәнінің кабинетіндегі қаңқа адамнан аумайды. Алайда біреуге ұқсайды. Кім? Кім?

   − Ау, мынау атам емес пе? – Үңіле ұзақ, таңдана қарадым. Атасының бозбала кезі ме сонда. Әжесінің сөзі ойына сарт етті. «Атаң ап-арық болған!» Иә, иә, атам ғой мынау!

   Атасы суретті көргенде селк ете түсті. Қорқыныш дегенді білмейтін оның жүзінен сол жолы үрей ұшқынын көрді. Өзі де ақшыл, әжім-әжім беті қуқылданып сала берді. Демалысы жиілеп, мұрны ауа жетпегендей қусырылып кетті.

   − Ата, ата сізге не болды? Ауырып қалған жоқсыз ба? – деген мұның жанұшырған сөзін атасы естімегендей кейіп танытты.

   − Әй, кемпір! Кемпір деймін! Қайдасың? – Үнемі сабырлы мінезден айнымайтын атасы жын ұрғандай айқайлап, дегбірсіздене орнынан ұшып тұрып әлгі суретті аспанға шошаңдата төбесіне көтеріп, ас үйге бет алды. Тіпті менің бар-жоғымды ұмытып кеткендей.

   − Мына суретті сандықтан неге шығардың, ә? – Атасы бірден зіркілдей ұрсып әжесіне төнді. Әжесінің сасып қалғаны бірден көрініп тұр.

   − Ә-ә, мынау сурет пе? Әнеукүні сандықтан сенің анау құпияларыңды жазып жүретін қойын дәптерің бар ғой. Соны көтере беріп едім, осы суретің түсті. Жұлым-жұлымы шығыпты, байғұс. Адам сияқты жан-жағын желімдеп, жөндейінші деп пысықсындым. Содан қауырт бір шаруам шығып қалып суретті кейін жөндеймін деп ойладым да, альбомға салдым. Содан ұмытып кетіппін ғой, мен жазған. Кешір шалым! Әкел, мен оны орнына сала қояйын. – Әжесі қолын соза беріп еді, атасы қағып жіберді.

   − «Сенген қойым сен болсаң…» Әкел, кілтті! Енді мен саған сенбеймін. Бұл сандықта сурет те, қойын дәптерім де, менің бар тағдырым жатыр емес пе? Қанша айтсам да түсінбейсің. Әкел, әкел кілтті! – Атасының мұндай ашуланғанын мен бұрын-соңды көрмеген соң ба, таң қалдым.

   − Отағасым-ау, мұншама неге ашуландың? Сол адыра қалғыр Барсакелмес аралында болғаныңа да жетпіс жыл болған жоқ па? Ол кезде Кеңес өкіметі еді. Қазір тәуелсіздік алдық. Енді несіне қорқа бересің? Ішіңдегі запыран құпияны шығаратын кезің жетті ғой.

   − Тәйт! Мәскеудің ол құпиясын шығарсам бүкіл әлемге масқара болады. Ал ол масқара болса, мені іздеп тауып алады. Әкел, әкел кілтті! Бол, бол! – Атасы одан сайын өршелене айқайлап, бос қолын әуеде құс қанатындай сермеп-сермеп қалды.

   «Ол не құпия?» деп мен жетіп барғым келіп бір оқталдым да, неге екенін кім білсін іркіліп қалдым. Есіктен сығалай қарап тұра бердім. Неде болса да мына қызық оқиғаның ақырын күттім. Ақыры атасы кілтті алып, өздерінің жатын бөлмесіндегі ескі сандығына ашулана басып кетті де, одан көпке дейін шықпай қойды…

 

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (98 оценок, среднее: 4,02 из 5)

Загрузка...